10 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Атырау облыстық перзентханасында шақалақ жерге құлады – Бас дәрігер өз еркімен жұмыстан кетті

    Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Қазбек Ермағамбетов өз еркімен қызметінен кетті. Бұған кеше осы емдеу мекемесінде дүниеге жаңа келген нәрестенің жерге құлап кетуі себеп болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап. 

    Ол басшылық қызметтен кетуге арыз берген, бірақ әлі сол перзентханада жұмыста қалып отыр, дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуова.

    Оқиға қалай болғанын еске сала кетейік. Баланың анасын басқа да жаңа босанған аналармен бірге рентгенге шақырылады. Ал баланың қасында өзі жаңа босанып, әзер қозғалып, әлі қол-аяғын жинап үлгермеген келіншек қалады. Бала қатты жылай бастағанда әйел оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Өзі әлсірей бастағанын сезіп, медбике мен дәрігерді көмекке шақырады. Оның дауыстап шақырғанына ешкім келмейді. Бір кезде әлі кеткен әйел, баланы еденге құлатып алады.

    Ж.Садуованың айтуынша, зардап шеккен нәресте жансақтау бөліміне жатқызылып, жан-жақты тексеріліп, УДЗ және КТ жасалды.

    қатысты посттар

    3 тамыздан бастап салондар, шаштараздар, ойын-сауық орталықтары жұмысын бастайды

    Фариза

    Ермекбаев Арыстағы жарылыс кезінде қаза тапқан майордың отбасына көңіл айтты

    Атышулы іс: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты іс жаңаша сипат алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.