19 C
Алматы
Сейсенбі, 5 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Оралда түлектерді университеттен әскерге алып кетіп жатыр

    Оралда дипломдық жұмыстарын қорғаған студенттерді бірден әскерге әкетіп жатыр.

    Батыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері университетті қоршап алған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Университетті күзетіп, студенттерді әскерге алып кету дерегі Орал қаласындағы бірнеше оқу ордасында болған. Дипломдық жұмысын қорғап болған студенттерді есік алдында әскери адамдар күтіп алып, бірден медициналық тексеріске алып кеткен. Тіпті университеттен шықпай отырған ер балаларды іздеу үшін оқу ордасының кабинеттерін тінтіп, парта асты мен шкаф ішін қараған.

    Дипломдық жұмыс қорғап болған ер балаларды алып кетті. Олар әскерге барғысы келсе, өздері-ақ барар еді ғой. Дипломдық жұмыс уақытын біліп алып, әскерге алып кетті, — дейді студенттердің бірі.

    Батыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті университеттен студенттерді әскерге алып кеткендерін растап отыр.

    Похожие записи

    Алматы облысында әйел адам баласын 16 жерінен пышақтаған

    Фариза

    Алматыда үш баласымен терезеден секіріп кеткен әйелдің туыстары күйеубаласын кінәлап отыр

    Фариза

    «Аяғымен басынан тебеді»: қалталы азаматқа тұрмысқа шыққан келіншек көрген қорлығымен бөлісті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.