7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ипотеканың бастапқы жарнасы үшін миллионнан артық соманы тегін алу жолы қандай?

    Тұрғын үй сертификаттары қазақстандықтарға ипотеканың бастапқы жарнасын төлеу үшін тиімді. Бұрын оның құны 1 миллион теңге болса, алдағы уақытта сома 1,5 миллион теңгеге дейін өседі.

    Аталмыш қаржылық қолдауға еліміздегі азаматтардың бірнеше тобы ие бола алады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Бір жарым миллион теңгелік сертификатқа үміткерлер қатарында жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған I және II топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, дамуы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалалы отбасылар және жетім балалар бар.

    Қазірше тек Алматы қаласының тұрғындары үшін қолжетімді бұл қаржылай көмек “Отбасы банкінің” әлеуметке арналған “Бақытты отбасы” бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға үмітті жандар үшін ауқымды көмек болмақ.

    “Бақытты отбасы” бағдарламасының қатысушылары үшін конкурстан өтіп, несие алуға рұқсат берілген жағдайда бұл сертификат үлкен көмек болады. Құжат рәсімдеу үшін сізге әкімдікке бару міндетті емес. Конкурсқа қатысуға өтініш тек электронды порталда онлайн түрінде қабылданады, — деп мәлімдеді банк өкілдері.

    қатысты посттар

    Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін келтірілген шығын сомасы белгілі болды

    Фариза

    Қазақ қызын шешіндірген атышулы Назар Роллан бұл жолы өзі киімсіз қалды (видео)

    Жалағашта биыл 10 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.