22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінді

    Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адам саудасы фактісі бойынша “Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
     
    “Олар облыстағы әлеуметтік мекемелердің бірінде мемлекет қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азамат М.-ны Нұр-Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатта тегін жұмыс күші ретінде пайдалануға жіберді деген күдікке ілінді”, – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
    Күдіктілердің бірі сот санкциясымен үйқамаққа алынды.
     
    Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.
     
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтерді жарияламады.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    Ақтау тұрғындары педофил болуы мүмкін ер адамды ұстады

    Фариза

    ҚР ІІМ марқұм қоғам белсендісінің денесінде жарақаттар болғанын жоққа шығарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.