25 C
Алматы
Дүйсенбі, 4 Шілде 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

    Мәжіліс көлік мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта көпбалалы аналар мен ардагерлерге бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
    Заң жобасына халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін нормалар енгізіліп отыр. Мәселен, олар әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын тұрақты автокөлік бағдарларында тегін жүре алады. Олар:

    “Алтын алқа”, “Күміс алқамен” наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

    I топтағы мүгедектер;

    Ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастар билет бағасының жартысын төлейді.

    Депутат Альберт Раудың айтуынша, ардагерлерге де жеңілдік беріледі. Олардың атына тіркелген көліктерге ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат беріледі. Күш құрылымдарының қызметкерлері де ақысыз жүре алады.
    “Өкінішке қарай, ардагерлеріміз аз қалды. Біз оларға теңестірілген азаматтарды да қарстырып жатырмыз. Қазіргі кезде есеп-қисап жасау керек. Екінші оқылымға дейін шешім шығарылады”, – дейді Рау.
    Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 65 022 “Алтын алқа”, 137 675 “Күміс алқа” иегері тұрады, 15 669 адам “Батыр ана” атанған, І және ІІ екінші дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталғандар – 12 260, І топтағы мүгедектер – 69 444, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың саны – 724 178.

    Похожие записи

    Қызылорда: Жалағаш кентіндегі көшелерді жөндеуге 322 жұмыссыз тұрғын тартылды

    Фариза

    Қазалы: «Аймақаштың» инженерлік инфрақұрылымы әзірленуде

    Фариза

    Сағынтаев қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерге байланысты мәлімдеме жасады

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.