10 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады – БҒМ

    Алдағы оқу жылынан бастап еліміз бойынша 133 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды. Атап айтқанда, бакалавриат 20 пайызға артады. Яғни, 31 423 теңгеден 36 660 теңгеге өседі. Магистратура бойынша 15 пайызға артпақ. 76 950 теңгеден 86 987 теңгеге өседі. Сонымен қатар докторанттардың да шәкіртақысы 15 пайызға көбейеді. Қазір 172 500 теңге болса, жаңа оқу жылынан бастап 195 000 теңгеге артады», – деді Қуаныш Ерғалиев министрлікте өткен аппараттық жиналыста.

    Оның айтуынша, шәкіртақының өсуі жалпы саны 133 мың студентті қамтиды.

    «Алдымызда студенттерді жазғы сессия күтіп тұр. Оқу орындары жазғы сынақты академиялық адалдық принциптеріне сәйкес өткізуі қажет. Сонымен қатар түлектердің дипломдарын уақытылы табыстаған жөн. Сол секілді, ЖОО оқу-әдістемелік құралдары мен нормативтік құжаттарға сай ЖОО-лар жаңа оқу жылына дайындықты 20 тамызға дейін қамтамасыз етуі тиіс», – дейді ол.

    Бұған дейін вице-министр ЖОО түлектерін еңбекпен қамту жөніндегі комиссияның жұмысын сынаған еді.

    Сондай-ақ, аталған шарада биылғы мемлекеттік гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінетіні айтылды.

    қатысты посттар

    Жамбылдағы білім беру мекемелері толығымен «Ашық» бағдарламасына қосылған

    Фариза

    Мектеп формасының үлгісі өзгереді

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда мұғалімнің оқушыға қол көтерген сәті видеоға түсіп қалған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.