9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ІІМ қазақстандықтардың паспорттарынан табылған чипке байланысты түсініктеме берді

    Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың паспорттарынан чип табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді.
    Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам паспорттан чип табылғанын көрсетеді. Ол азаматтарды аңдуға арналғанын айтады.
     
    “Электрондық паспорттар әлемнің көптеген елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар паспорттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип азамат туралы дербес деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді”, – деді брифингте ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.
     
    Кейбір қазақстандықтарды таң қалдырған чиптердің болуы көші-қон қызметінде түсіндірілді. Оған әлеуметтік желілердегі бейнеролик себеп болды, онда қазақстандық азаматтардың қадағалауына арналған чип тапты.
     
    Микросхемасы бар паспорт электронды жүйелер арқылы шекаралық өткізу пунктердегі өткізуді және паспорттық-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген.
     
    Чиптегі ақпарат шекарадан өткенде тек арнайы оқу құрылғылары арқылы көрінетіні айтылып отыр.
    Еске сала кетсек, желіде ер адам өзінің төлқұжатына тігілген чипті видео арқылы көрсетіп, жұртты таңғалдырған болатын. Ол чиптің көмегімен Қазақстан билігі өз азаматтарын шетелде бақылап отыратынын мәлімдеді. Осыдан кейін кейбір қазақстандықтар ақпараттың растығына көз жеткізу үшін паспорттарын кесіп тексере бастады.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    қатысты посттар

    Күнбағыс майының қымбаттау себебі белгілі болды

    Фариза

    Қызылорда облысында егін егу жұмыстары 10 маусымға дейін толық аяқталады

    Фариза

    Жарылыстан 20 адам қаза тауып, елуге тарта адам жарақат алды

    Пікір қалдыру

    nineteen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.