15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаевтан екінші Елбасы жасаудың қажеті жоқ – сенатор

    Сенатор Бейбіт Исабаев айтылған іс жүзеге аспай жатып, Президентті мадақтау артықшылық екендігін жеткізді. Оның ойынша Тоқаев тек мемлекет пен ел алдындағы өзінің тарихи миссиясын орындап жатыр.

    “Бұл Конституциялық өзгерістердің түпкі мақсатын, мән-мағынасын біз толық түсініп үлгере алмай жатқан болармыз. Бірақ, дегенменде, менің ойымша бұл Қазақстандағы әділдік жолына бастайтын Президент Тоқаевтың ұсынған төте жолына бастар алғашқы бір қадам деп қабылдауға негіз бар. Бірақ, болмай жатып, біз ешкімді мадақтамайық, мақтанбайық, масаттанбайық. Тоқаевтан екінші Елбасы жасаудың қажеті жоқ. Өйткені, оның біздің мемлекетті басқару ісінде қажет емес екендігін, тіпті, қаншалықты қауіп төндіргенін біз көрдік, сезіндік. Көне түркі елінің көсемі болған Күлтегіннің сөзі бар “Бегі менен халқының арасындағы ынтымағы жоқ ел, ағасы мен бауыры дауласқан бегі менен қарашасы жауласқан ел өзінің бірлігінен айрылады”, – деген. Сондықтан да, біз үшін елдің бірлігі, мемлекеттің ертеңі ең үлкен құндылық болып табылады.Конституцияға белгіленген өзінің мерзімінен кейін Президентіміз осы өзгерістердің барлығын нақты жүзеге асырып, өзінен кейін сайланатын жаңа Қазақстанның басшысына экономикасы қайтадан түзелген, еңсесі көтерілген елді, халық алдындағы жауапкершілігін сезінген билікті, ойы толысып есейген қоғамды табыстаса, бұл қазіргі Президентіміздің мемлекет алдындағы, ел алдындағы өзінің тарихи миссиясын орындауы деп білемін. Және бұл – біздің еліміздің болашақ дамуында алдағы Президентттерімізге, алдағы мемлекет басшыларына да жаңа бір үлгі, сабақтастық болар еді деп санаймын” , -деді ол.

    қатысты посттар

    “Мен клиникаға жасырыну үшін келдім…” – Айсұлтан Назарбаев Лондоннан сұхбат берді

    “Өкінішке қарай, сондай жағдай болып қалды” Елжан Біртанов мәлімдеме жасады

    Фариза

    Ақтауда бірнеше белсендінің үйін полиция тінткені хабарланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.