24 C
Алматы
Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте әскерге кеткеніне 5 күн болған сарбаз өзіне қол жұмсамақ болған

    Шымкентте әскерге барғанына небәрі 5 күн болған жас сарбаз психикалық ауруханадан бір-ақ шықты. Жауынгердің анасы бұл оқиғаға әскери қызметкерлердің қатысы бар деп отыр. Ұлын мазақ еткендерді жауапқа тартуды талап еткен анасының айтуынша, перзентін медициналық мекемеге өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны үшін жіберген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

    Жас сарбаздың анасы оның зияткерлік олимпиадалардың жеңімпазы және ММА турнирлерінің жоғары дәрежелі марапаттарының иегері екен айтады.  

    «Баламды әскерге шақырды. Балам 23-і күні осы жерге түсті. Сосын маған хабарласып, «Анашым, «Сәуле» деген шағынаудандағы ауруханаға түстім» деп еді, біреу телефонын алып қойды. 28 сәуір күні сағат 11:30-да бейтаныс адам хабарласып, «Балаңыз суицид жасамақ болды, ойынқұмар екен, өз-өзіне қол жұмсаған, өлейін деп жатыр» деді. Мен оған сенген жоқпын. Келсем, баламды «Ісі прокуратураға өтіп кетті» деп жындыханаға өткізіп отыр. Мені алдап апарып, «Жүріңіз, қазір психолог тексереді, сосын қайтадан келіп әскерде қызмет етеді» деді. Баламмен кездескенде, ол «Анашым, маған Тұртанов деген қоқан-лоққы жасады. 5 бала бір бөлмеге кіргізіп алып, олфицерлер,мені тыржалаңаш қойып, «Мен өлсем ешкімнің қатысы жоқ» деп тілхат жаздырып алды» деді. Сосын есікті құлыптап қойған соң, мен бұл жерден аман шықпайтынымды біліп, қорыққанымнан жазып бердім деді. Шығып бара жатқан кезімде «Сасымай жүр, сасысаң, өлтіремін» деп айтты», – дейді сарбаздың анасы Гүлнұр.

    Жауынгердің туыстарының айтуынша, олар жігіттің басқа аймаққа ауысуын талап ету үшін әскери бөлімге келген. Алайда қызметкерлер оларға қатты психологиялық қысым көрсете бастаған.

    Ал бөлім командирі сарбаздың мамандандырылған медициналық мекемеге «оның өмірін сақтап қалу» деген жалғыз мақсатпен орналастырылғанын айтады.

    «Жас сарбаз бізге «Өз-өзіме қол жұмсаймын, қызмет еткім келмейді» деді. Мен мұның себебін сізге айтпай-ақ қояйын, ата-анасына айттым. Ол неге қол жұмсағысы келетін себебіне дейін айтты. Солай айтқаннан кейін, оны ары қарай психиатрлар анықтайды. Сол үшін ол  диспансерге жатқызылды. Олар енді 1 ай көлемінде толық тексеру өткізеді. Бала «өз-өзіме қол жұмсаймын» деп айтып тұрған соң, біз шара қолдануға міндеттіміз», – деді полковник, әскери бөлім командирі Нұркен Қарағұлов.

    Алайда бозбаланың ата-анасы қазір әскери бөлім басшылығы жауапкершіліктен жалтару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп есептейді.

    «Бізге егер балаңыз осында бір ай жатып, анық «суицидник» екенін дәлелдесе, әскерге жарамсыз деп танылып, аман құтылып кетеді дейді. Ал егер өтірік істегені анықталса, 2 жылға сотталады да, қайтадан әскерде қызмет етеді дейді. «Одан да балам суицидник деп алып кетіңіз» дейді. Басқа бөлімшеге ауыстыра алмайсыз, ауыстырсаңыз, ол жақтағылар түртпектейді деді. Бізге бұлар «балаңды жынды деп алып кет» деп тұр ғой. Бірақ прокурордан «Егер қысым көрсетілгені анықталса не болады?» деп сұрап едім, ол «Ондай жағдай анықталса, әскерилердің үстінен іс қозғалады» деді. Ал бұлар жылы жабайын деп тұр», – дейді Гүлнұр.

    Кеш қарайған соң баланың ата-анасы перзенттерімен кездескенін хабарлады. Олар ұлдарын осындай халге жеткізгендердің жазалануын қалап, әділдіктің орнауын талап етіп отыр.

    Похожие записи

    Әскерге сау кеткен сарбаз үйіне есінен адасқан күйде оралып, әкесін сабап тастаған

    Фариза

    Әкімдік қызметкері оқушы қыздарды зорлады деген күдікке ілінді

    Фариза

    Әйелдерді қорғайтын заң қорлайтын заңға айналды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.