10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады

    Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция жеңіл айып таққан. Танымал журналиске ерлі-зайыптының 8-сыныпта оқитын үлкен қызы аудиохабарлама жіберіп, отбасында болған жайтты егжей-тегжейлі айтып берген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, үйдегі төрт баланың үлкені 8-сыныпта оқиды. Журналист жасөспірім қыздың отбасында болған қатыгездікке куә болғанын айтады.

    «Шырылдап анасына араша түсіп, полиция шақырып, жедел жәрдемді қарсы алған да сол кішкентай қыз. «Фельдшер келіп анамның құжатын сұрады, «1983-ші жылғы, жас екен ғой» дегенде анамның өлгенін біліп қойдым» дейді баланың үлкені. Маған 10 минуттық аудио жіберіпті, анасының қалай өлім құшқанын егжей-тегжейлі жеткізіпті. Сұмдық… Кешкі 19.00 шамасында басталған қорлау түнгі сағат 2.00-де өліммен аяқталды. Адамнан жан шығу оңай ма, қайран әйел аттай жеті сағат қарсыласқан. Кішкентай балалардың қатыгез әкеге шамасы қайдан жетсін… Апасын (әкесінің анасын) шақырады, оны тыңдайтын ұл қайдан?! Нұрайдың айтуынша, полиция келгенше апасы анасын ұрған моншадағы сынған бөтелке мен пеш темірлерін жинастырып, орнына қойып қойған. Анасының қан киімдерін де тығып үлгерген», – дейді ол.

    Гүлмира Әбіқай айғақты жоюға әрекет жасаған адамның ісі де дұрыс емес деген пікірде. Журналист осы орайда марқұм әйелдің туыстарының өтінішін де жеткізді. Марқұмның туыстары тергеуді Шымкент ПД жалғастырса деген өтініш айтқан. Ал полицияның мәліметінше, аталған жайт Ордабасы аудандық ПБ-де Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша тіркелген.

    «Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жолданды. Күдікті өзінің әрекетін мойындап, өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Ерлі-зайыптының ата-аналары кәмелетке толмаған төрт баланы өз қамқорлығына алатынын айтып отыр. Сондай-ақ балаларға психологиялық көмек көрсетілген», – делінген Түркістан облыстық ПД ресми хабарламасында.

    Қатыгез әке қамауға алынған. Алайда журналист оның үстінен қозғалған қылмыстық іске келіспейтінін мәлімдеді.

    «Қазір Үкілайдың күйеуі қамауда, полиция ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағымен «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады.

    Марқұмның туыстары бұл бапты 5-тармаққа: «Аса қатыгездікпен өлтірді» деп өзгертуін сұрайды. Сондай-ақ маған ақпарат жеткізген әпкесі «Ордабасыда бәрі бірін-бірі танитын туыс-таныстар болғандықтан, іс бұрмалануы мүмкін, тергеуді Шымкент ПД жалғастырса деген өтінішін айтты. Шынында, «байқаусызда» дегенін қалай түсінеміз? Кешкі 19.00-ден түнгі 2.00-ге дейін саналы түрде әйелге күш көрсетіп, білгенін істеп, қатыгездікпен қорлаған өлім қалай байқаусызда болады?», – деп жазды журналист.

    қатысты посттар

    Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды ­– видео

    Фариза

    “Карантинде аш отырғандар қайда?” Қазақтың қадірлі қонағына ғана қоятын малдың басы бүгінде қоқыстарда жатыр

    Фариза

    Желіде қапшағайлық дөрекі полицейдің видеосы талқыланып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.