24 C
Алматы
Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Алакөлге жазғы пойыздар қатынай бастайды

    Жазда Алакөл көлі бағытында пойыздар іске қосылады.
     
    “Жолаушылар тасымалы” АҚ Алакөл көлі бағытында биыл жазда екі жолаушылар пойызы қатынайтынын хабарлайды”, – деді “Қазақстан темір жолы” баспасөз қызметі.
     
    Алакөлге мынадай бағыттар бойынша жетуге болады:
     
    №221/222 Алматы – 2-Достық (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет Алматы-2 вокзалынан 2022 жылдың 15 маусымынан 31 тамызына дейін сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері қатынайды; Достықтан пойыз 2022 жылдың 16 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері жүреді;
     
    Нұр-Сұлтан – 1-Достық бағытындағы №258/257 пойызы Нұр-Сұлтан–1 вокзалынан аптасына 2 рет 2022 жылдың 16 маусымынан 28 тамызға дейін бейсенбі және жексенбі күндері; Достықтан – 2022 жылдың 17 маусымынан 29 тамызға дейін жұма және дүйсенбі күндері қатынайды.
    Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-билет рәсімдеуді ұсынады. “ҚТЖ билеттері” мобильді қосымшасын да пайдалануға болады. Егер билеттер болмаса, “күту парағы” функциясын таңдау керек.

    Дереккөз: Sputnik.kz

    Похожие записи

    Туған жер – тұнған шежіре!

    Қазақстанға 11 елден келуге шектеу қойылып, Египетпен әуе байланысы тоқтайды

    Фариза

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.