15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Балама зорлық көрсеткендер әлі жұмыс жасап жүр” ШҚО-да әскерде қаза тапқан сарбаздың ата-анасы әділдік іздеп жүр

    Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жүріп, өзіне қол салған сарбаздың ата-анасы әділдік іздеп жүр. Олардың айтуынша, 20 жастағы жігіттің мәйіті әскери қоймадан табылған. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен бір адам қамауға алынған. Қалған екі күдікті әлі бостандықта жүр дейді. Қапияда баласынан көз жазып қалған ата-ана олар енді жазадан сытылып кете ме деп алаңдайды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.  

    Осыдан 6 ай бұрын әскерге кетіп, көз жұмған көкшетаулық Асылхан Қалияқбаровтың ата-анасы арнамызға хабарласты. Анасы баласының өліміне қатысы бар деген күдіктілер жазасыз қала ма деп уайымдайды. Оның айтуынша, күдіктілер – үшеу. Бірақ олардың біреуі ғана ұсталды дейді.

    «3 жігіттің не істегенін, олардың бәрінің әрекеті туралы жазғанын оқып, төбе шашым тік тұрды. Соттың өзіне айттым, мына 3 жігіт енді қалай жұмыста жүр деп, әрмен қарай шамам келмеді. Енді тек бір Аллаға, сосын сотқа сенемін. 3 жігіт ешқандай жазасыз қалмасын, жазаларын алуы тиіс», – дейді көз жасы көл болған марқұмның анасы Асылтас Қалияқбарова.

    Асылханның қайғыдан қан жұтқан ата-анасы әлі ес жия алар емес. Күйіктен күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық дейді. Асылханның жазған алғашқы хаты соңғы хатқа айналды деп өксиді.

    «Бір-ақ рет жазған хаты келді, өзіміз алдық. Содан соң мен жауап жаздым, бірақ ешқандай хабар болған жоқ», – дейді Асылтас Қалияқбарова.

    Жақындарының айтуынша, Асылханға зорлық-зомбылық көрсетілген. Оның жуастығын пайдаланған дейді.  

    Асылхан Қалияқбаровтың мәйіті әскери қоймадан асылған күйінде табылған. Баласынан көз жазып қалған Асылханның ата-анасы соттан әділ төрелік күтеді. Соңғы кезде әскерде жиілеп кеткен жұмбақ өлімдер заңгерлерді де алаңдатып отыр.  

    «Елімізді қорғаймын, болашағымды ойлаймын деген адам моральды психологиялық түрде жүйке жүйесінде ауытқу болмау керек. Егер жүйке жүйесінде ауытқу болмаса, ондай жағдайға бармайды. Қазіргі Қорғаныс министрлігі, басқа жүйелер жұмыс форматын ауыстыруы керек», – деді заңгер Гүлайым Антаева.

    Асылхан Қалияқбаровтың туыстары кінәлілердің түгел жазалануын талап етуде. Және мұндай жағдай енді ешкімнің басына түспесін дейді.

    қатысты посттар

    Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    Фариза

    Белгілі меценат Қайрат Құдайберген коронавирусқа шалдығып, көзіне жас алды

    Фариза

    “Алла олардың жазасын берсін” Елордада аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында шу шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.