16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Вова ағайды көмекке шақыратын» радио жүргізушісіне полиция хабарласпаған

    «Европа плюс Қазақстан» радиосының бұрынғы жүргізушісі Любовь Панова әлеуметтік желідегі пікіріне байланысты туындаған жанжалдан кейін өз ұстанымын білдірді.

    Панованың өзі жұртшылықтың араздықты қоздыру туралы мәлімдемелерін жоққа шығарады.

    «Менің пікірім агрессияға, ұлтшылдық мәлімдемелерге жауап болды. Менің әкем қазақ, балам қазақ. Менің қазақ достарым көп. Сондықтан олар мені не үшін айыптағысы келетінін білмеймін. Менің ойымша, олар қазір алауыздық тудырып жатыр» деді радио жүргізушісі.

    Панова «Ресей радиосы мен Еуропа плюсқа шабуылды тоқтату үшін» өз еркімен жұмыстан кеткенін түсіндірді.

    «Маған үлкен негатив ағыны әсер етті. Жағдайды одан әрі ушықтырмау үшін мен өз еркіммен жұмыстан кету туралы арыз жаздым» деді ол.

    Сондай-ақ, ол полицияның хабарласпағанын және «қылмыстық істің қозғалғанынан бейхабар екенін» айтты.

    Еске салсақ, «Еуропа плюс Қазақстан» радиосының жүргізушісі Любовь Панованың төңірегіндегі жанжал бірнеше күн бұрын Ресей туының суреті бар «Жасасын Ресей» деген жазбаның астына пікір қалдырған кезде туды.

    28 наурыз «Европа плюс Қазақстан» радиостанциясы радиожүргізуші Любовь Пановамен еңбек қатынасының тоқтатылғанын хабарлады.

    Дәл осы күні Алматы полиция департаменті «Европа плюс Қазақстан» радиостанциясының бұрынғы қызметкерінің Facebook желісінде ұлтаралық араздықты қоздыру туралы мәлімдемесі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    “Құжатта бар, қоймада жоқ қымбат ас”. Аягөздегі төрт бала көз жұмған орталық

    Фариза

    “Мама, менің бір қолым қайда?” Он екі мүшесі сау бала екпеден кейін сол қолынан айырылды (видео)

    Фариза

    “Діндар-тақуалардың өзін ызбарлы бейнеге, ызақор кейіпке түсірді…” Мұхамеджан Тазабек

    Пікір қалдыру

    one + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.