16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Депутат Мәди Ахметов жаңа қызмет ашуды сұрады

    Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов жанжалды істерде сот орындаушылардың қауіпсіздігін қорғау мақсатында Әділет министрлігіне шетелдік тәжірибе ұсынды.

    Депутат министрден елімізде сот приставы деген қызмет ашуды сұрады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    “Көршілес мемлекеттерде сот приставтараның екі түрі бар. Бірі — орындаумен айналысатын сот орындаушысы, екіншісі — сот актілерін орындауда күштік қолдау көрсетіп, соттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сот приставы. Елімізде жыл сайын мемлекеттік сот орындаушыларының саны қысқарып келеді. Міне солардың орнына шетелдегідей күштік қолдау көрсете алатын сот приставтары қызметін аша аламыз ба?” — деп сұрады Мәди Ахметов министрден.

    Еліміздің Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, бұл өте күрделі мәселе.

    “Біз қазіргі жеке сот орындау жүйесіне 2010 жылы көштік. Мысалы Ресейде ондай жоқ, оларда сот шешімдері федералды сот приставтарының қызметімен орындалады. Бұл мемлекеттік орган болғандықтан, заңмен әртүрлі қызмет берілген. Тіпті күш қолдана алады деген құқықтары бар. Бұл мәселені қарау керек, бірақ маған Ресейден гөрі, АҚШ-тың тәжірибесі әлдеқайда ұнайды”, — деп жауап берді Әділет министрі.

    қатысты посттар

    Мамайдың Қазақстандағы ашаршылық туралы картинасы АҚШ-та деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды

    Фариза

    Кредитті төлей алмайтын адамдарға қатысты заң әзірленіп жатыр

    Фариза

    Қызылорда облысында кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жандана бастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.