10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қарағанды облысында балаларды желкесінен ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

    Абай қаласында “Әдемі” жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі бүлдіршіндерді желкесінен ұрғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Қарағанды облысы білім басқармасы.
    Тәрбиешінің балаларға қол жұмсаған сәті видеоға түсіп қалған. Облыстық білім басқармасы бейнеролик әлеуметтік желіде тарағаннан кейін жағдайды бақылауға алып, тексеріс жүргізді.
    “Барлық кінәлі тұлға жауапқа тартылады. Камераға түсіп қалған тәрбиеші жұмыстан шығарылды”, – деп мәлімдеді басқармадағылар.
    Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған видеоға алғаш болып қарағандылық полицейлер назар аударған.
    Абай қаласының полициясы 20 жастағы күдіктіні анықтаған. Ол өз кінәсін мойындады.
    “Бұл факті Қылмыстық кодекстің 140-бабында (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша тіркелді”, – деп хабарлайды Polisia.kz.
    Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Байқоңырда оқушыларды Путинді қолдау үшін митингке шығарған

    Фариза

    “Гарант 24” ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

    Фариза

    СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.