15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

    Түркістан облысында өгей қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.    

    Күйеуінің қызын зорлап жүргенін білген әйел Шымкентке қашып кеткен. Олар кінәсін дәлелдеп, қылмыскерді 20 жылға бас бостандығынан айырды.   

    Ақтолқын есімді әйел 29 жасында тұрмысқа шығып, бір қызды дүниеге әкелген. Ал 4 жылдан кейін күйеуі жол апатынан қайтыс болыпты.

    Арада 8 жыл өткен соң баласы әкесіз өспеуі үшін Түркістан облысы, Шаян ауылының тұрғынына екінші рет тұрмысқа шыққан.

    «Мен оны өз баласындай жақсы көреді деп ойладым. Бірақ, бәрі олай болмады. Бірде дүкенге барып келсем, қызым үнсіз, көңіл-күйсіз отыр. Мен не болғанын сұрадым, ол үндемейді. Ал жаңа жылдың алдында жолдасым екеуміз оның сыныптастарына отырысқа бардық. Ол ішіп келіп, үйде жалғастырды. Осыдан кейін ол менің қызымды қорлай бастады. Мен оны қорғадым, ол мені ұрып, басымды қабырғаға соқты. Оянғанда оның қызыма не істегенін түсіндім», – дейді Ақтолқын.

    Осы оқиғадан кейін жұмыссыз залым әке Ақтолқынның атынан 6 несие рәсімдеген. Ұрып-соғуын жалғастырып, үйдан шығармай қойған. Ал қызына өгей әкесі ұдайы қол көтерген. Әйел полицияға хабарласуға тырысқанымен бәрі нәтиже бермегенін айтады. Қолайлы сәт туғанда Ақтолқын қызымен бірге туыстарына қашып кетеді.

    «Шымкентте тұратын ағама келдім. Қызым екеумізге не болғанын айтуға қорықтым. Ағама күйеуім маған 6 несие рәсімдеп, төлемегенін айттым. Осыдан кейін мен бірден осы дағдарыс орталығына келдім. Олар маған арыз жазғызып, бұрынғы күйеуімді 20 жыл темір торға отырғызуға көмектесті», – дейді Ақтолқын.

    Дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпованың айтуынша, қылмыскерді чтүрмеге отырғызу үшін әділдікке жету оңай болмапты.

    «Процесс өте ұзаққа созылды, жүйке тозды. Көптеген түсініспеушіліктер болды, олар істі жабуға тырысты. Бірақ, жақсы заңгердің арқасында ол 20 жыл лайықты жазасын алды. Алғашында сот-медициналық сараптамадан ол бас тартты. Ол бізге нақты мәлімет бермеді, бірақ біз сот-медициналық сараптама арқылы,  іш киім арқылы дәлелдеуге қол жеткіздік. Олар шындықтың дәлелденгенін қаламады», – дейді дағдарыс орталығының жетекшісі Малика Жүсіпова.

    45 жастағы Ақтолқын бір жылдан бері 14 жасар қызымен дағдарыс орталығында тұрып жатыр. Әйел 6 несиенің 3-еуін жауып, сағатына 300 теңге жалақы алатын сауда орталықтарының біріне еден жуушы болып жұмысқа орналасқанын айтады. Ақтолқын бүгінде өз баспанасы болуын армандайды, қызының жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсуі негізгі армандарының бірі.

    қатысты посттар

    “Бұл менің жерім” Алматыда Қытайдың жаңа жылын тойлауға шыққан бір топ қытай азаматтарына алматылықтар қарсы шықты (видео)

    Фариза

    Қазақстанда алғаш рет педофилдерге химиялық кастрация жасалуда

    Фариза

    Алматыда Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бір белсенді қамалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.