10 C
Алматы
Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Сені ысырып тастау, шыбынды өлтіруден оңай” Қайрат Нұрқаділов әкесі өзін-өзі атты деген шешімге келісуге мәжбүрлегенін айтты

    Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің өзін-өзі атқанына сенбейді. Сондықтан, Бас прокуратураға істі қайта қарауға арыз жазған.

    Қайрат Нұрқаділов арада 17 жыл өткенде шындықтың беті ашылуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында бірнеше жыл сақтап жүрген сырын ашты.

    Баласының айтуынша, Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғанда Алматының полиция департаменті іс қозғап, өздеріне шақырған. Мәйіттің денесіне сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

    “Бір аптада жауабын саған айтамыз деді. Бірден әкемді біреудің өлтіргенін білдім. Полиция бөлімінен шыққан кезде пальто киген екі жігіт күтіп тұрды. Органда істейтіндерін түсіндім. “Қайрат, әкең өз-өзінді өлтірді” дегенге келісесің” деп айтты. Мен келіспеймін дегенде, қорқыта бастады. Сені жолымыздан ысырып тастау, шыбынды өлтіруден оңай дегенді меңзеді”, — дейді Қайрат Нұрқаділов.

    Қайрат Нұрқаділов/ Видеодан кадр
    Қайрат Нұрқаділов/ Видеодан кадр

    Осыдан кейін баласының келісуден басқа амалы қалмаған. Балаларының жас екенін, қарындасы Құралайдың да бар екенін ескерткен. Сонымен қатар, ол кезде Қайрат Нұрқаділов Алматы әкімдігінде жауапты қызмет атқарған.

    “Ойлануға бір күн берді. Мен әкемнің досымен кездесіп, ақылдастым. Ол келіс деді. Егер сен өліп қалсаң, әкеңді іздейтін адам болмайды. Сосын полиция департаментіне бардым. Маған әкемнің өз-өзіне қол жұмсағанын компьютерлік графика арқылы көрсетті. Сонымен іс жабылды”, — дейді Нұрқаділовтің ұлы.

    Ол кезде Қайрат Нұрқаділовтің үлкен қызы 14 жаста, кішісі 3-те болыпты. Әкеден жалғыз ұл болғаннан кейін қорыққанын айтып отыр.

    қатысты посттар

    Парақорлық бойынша сотталғандарды жұмысқа алушылар да жазаланатын болды

    Фариза

    Мұғалім мамандығын “әлсіз” түлектер таңдап жатыр – Аймағамбетов

    Фариза

    Сабыржан Кеңшілік: Тәуелсіз Қазақстанның бағдаршамы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.