23 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте намаз кезінде жасалған ұрлық камераға түсіп қалған

    Шымкентте ер адам жұма намазы кезінде мешітте ұрлық жасаған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Еңбекші ауданының полициясына жергілікті тұрғын хабарласып, жұма намазы кезінде мешіттен электр тогына қосылған смартфоны ұрланып кеткенін айтқан.

    Полицейлер бейнебақылау камераларын тексеріп, күдіктіні тапты. Кадрлардан ер адам қатарға тұрып, басқалармен бірге намаз оқи бастағаны көрінеді. Ары қарай намаз кезінде ұрлық жасап, мешіттен кетіп қалған.

    Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол 30 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Бұл дерекке қатысты “Ұрлық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    қатысты посттар

    «Талып жатқанда зорлаған»: Шымкентте мүгедек қызы зорланған ана жанайқайын жеткізді

    Фариза

    ЛОНДОНДАҒЫ ҚАЗАҚТАР. КАРИНА БЕКТҰР ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРУ ЖАЙЫНДА

    Халал мен харамды ажырата білесіз бе?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.