9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    “Маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді” Президент жастарды сынға алды

    Кейбір жастар маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жөн көреді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы қоғамдағы кей азаматтар түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жатқанына қызығып, тіпті соларға қарап бой түзейтініне алаңдаушылық білдірді. 

    «Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ міндет. Өкінішке қарай кейде жұрт, әсіресе жастар маңдай терін төгіп жұмыс істегісі келмейді. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргенді жөн көреді. Өйткені олар «бізде адалдық лайықты бағаланбайды» деп ойлайды. Жастар бастықтар мен ауқаттыларға жақын жүретін түрлі алаяқтардың, жемқорлардың шалқып өмір сүріп жататынын көріп отыр. Тіпті соларға қарап бой түзейтін болды. «Қоғамда табысқа жетудің төте жолы осы» деген қате түсінік орнығуда. Оған қоса тағы бір жағымсыз үрдіс бар. Кейібеулер адал еңбек пен жетістікке жететін мүмкіндік жоқ екенін көрген соң, еш әрекетсіз қол қусырып отырады. Жұмыс істеудің орнына жақындарына да, мемлекетке де масыл болып отыр. Өзіне жәрдемақы мен жеңілдік талап етіп, алақан жаюдан арланбайды. Тіпті жергілікті билікке қоқан-лоққы көрсетуден де тайынбайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев,

    Мемлекет басшысы министрден малшыға, қаржыгерден қара жұмысшыға дейін бұл туралы терең ойлану керектігін айтты. Тек содан кейін ғана өркениетті қоғам құра аламыз.

    қатысты посттар

    Думан Айтжановтың құпия жағдайы: Өздеріне жақпайтын сұрақ қойсаң, бір-біріне сілтей жөнелетін жауаптылар не жасырып отыр

    Фариза

    “Баламды үйден алып кеткен адамдарды жауапқа тартуды, әділдікті талап етемін” – Дулат Ағаділдің анасы

    Алматы полициясы “басы кесілген қызметкерлерге” қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.