14 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Олардың артында қолында билігі бар адамдар тұрғаны түсінікті” Жәкішев қаңтар оқиғасына қатысты пікір білдірді

    “Саяси реформасыз экономика дамымайды”. “Қазатомпром” ұлттық компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішев осылай дейді.

    Ол Baitasov Live арнасына берген сұхбатында елде болып жатқан жағдайлар, Қазақстан билігіндегі кейбір қателіктер туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Ел ішінде “уран саласының данышпаны” атанып кеткен бұрынғы шенеунік жыл басындағы қаңтар оқиғасына “үшінші күштің” ықпалы болды деп есептейді.

    Әуелі жағдай қалыпты сценариймен өрбіді. Наразы топ митингке шықты, ал құқық қорғау органдары оларды тоқтатуға тырысты. Кейін бейбіт митингті бүлікке айналдырған “үшінші күш” пайда болды. Олардың артында қолында билігі бар адамдар тұрғаны түсінікті,

    — деді Мұхтар Жәкішев.

    Оның пікірінше, қазір Үкіметтің негізгі міндеті — сыртқы күштердің кімдер екенін халыққа ашып айту.

    Ол сұхбат арасында билік өкілдеріне үндеу жолдады.

    “Отандастарының тағдырына қатысты шешім қабылдап жатқандарға айтарым, не нәрсенің де басына халықты қою керек. Олардың орнында сіздер, сіздердің орындарыңызда олар болуы мүмкін еді. Олар — отандастарыңыз, сіздерде одан басқа халық жоқ. Егер әділетті шешім қабылдағаныңызға күмәндансаңыз, онда отандасыңыздың амандығын ойлаңыз. Сіздердің одан басқа жақындарыңыз жоқ. Бірде-бір француз не америкалық сізге олардай жақын бола алмайды. Өйткені, сіз туған халқыңызбен қашанда бірге боласыз”, — деген ол бір мүддеге шоғырлануды ұсынды.

    Мұхтар Жәкішев Нұрсұлтан Назарбаевтың “алдымен экономика, сосын саясат” идеясын сынға алып, саяси реформалар керек екенін айтып өтті. Сонымен қатар, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Германия, АҚШ елдеріндегі жағдайды мысалға келтірді.

    “Америкада бір “ағашка” тұрады, оның біздегі “ағашкалардан” айырмасы жоқ деп елестетейік. Оның басына бірден “Стив Джобстың байлығын неге тартып алмасқа” деген ой келері анық. Сөйтіп, әрекетін жүзеге асыра бастады делік. Оны кім тоқтата алуы мүмкін? Ол Америкада осылай істей алар ма еді? Жоқ. Неліктен? Тәуелсіз баспасөз бір-ақ күнде шу көтеріп, прокуратура қылмыстық іс қозғайды. Ал тәуелсіз сот оны түрмеге жабар еді. Осымен оның “ағашка” деген атағы жойылады. Елдегі жүйе оған тайраңдауға мүмкіндік бермейді. Ал Қазақстанда Стив Джобс болса, ол Apple құрам дегенше құрдымға кетер еді”, — дейді шығарылым қонағы.

    Сонымен қатар, Мұхтар Жәкішев сұхбат барысында “Қазақстанда барлық жүйе тәуелді” деген пікірін ашық білдірді.

    қатысты посттар

    “Ананың қарғысын өтеу мүмкін емес” Назарбаев анасының сөзін есіне алды

    Фариза

    “Басшылық арыз жаз деді” Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті

    Фариза

    Ринат Зайытов: Дулат Ақәділ де жауыздардың саяси ойынының құрбаны болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.