10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Мен де адаммын” Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді

    Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді. Алматы әкімінің сұхбаты Baitassov Live YouTube-арнасында жарияланды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Сағынтаевтың айтуынша, оған қатысты сын қаңтар оқиғасынан кейін пайда болған.

    “Кейін, бәрі біткен соң (бүліктер – еск.) сын мен петиция пайда болды. Бұл маған да ауыр тиді. Мен де адаммын. Бірақ жұмысымды жалғастыруым керек. Жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы қалпына келтіру, келтірілген шығынды өтеу, бәрін тез арада шешіп, жұмысты үйлестіру керек болды. Қалай болғанда да, кез келген сын пайдалы. (…) Реніш болса да, болмаса да, мен өз жұмысымды орындадым, өз жауапкершілігімді түсіндім – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету”, – деді әкім.

    Сағынтаев қала билігі 4 және 5 қаңтарда мегаполистегі жағдайды тұрақтандыруға қалай әрекет еткенін, бақылау-өткізу бекеттері қалай құрылғанын, Нұр-Сұлтан қаласы және құқық қорғау органдарымен жұмыс қалай үйлестірілгенін айтып берді.

    “Мен сын болатынын түсіндім, бірақ басқа мәселелерді шешуге, қауіпсіздік мәселелерімен айналысуға уақыт керек болды. Сондықтан сағат сайын пікір білдіретін жағдай болмады. Бізде қорғаныс күштері болған жоқ, оларды жеткізу үшін Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрі, Әкімшілік басшысымен (Президент) келіссөздер қажет болды.

    Сол кезде маған қарсы сын болатынын түсіндім. Бірақ ол кезде мен өз имиджімді емес, өзімді емес, қала және тұрғындар қауіпсіздігін ойладым. Қолымнан келгеннің бәрін жасап, қаланы қорғауға қосымша күш әкелмесем, мұнда неге отырмын? Сын имиджіме тиеді деп ойламадым: бұл менің жұмысым”, – деді ол.

    қатысты посттар

    Мұғалімдер дәптер тексергені үшін екі есе жалақы алмақ

    “ Бір жаман “подстава” жасалайын деп жатқан сияқты” Министрлікті тік тұрғызған Толқынайдың басына бұлт үйірілді

    Фариза

    “Бұл жұмысқа жемқорлықпен айналысу үшін келген жоқпын” – Мәнізоров қызметінен кетті

    Пікір қалдыру

    fourteen − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.