9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қазақстанда тұңғыш рет “ерекше” депутат сайланды

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

     7 жасында арбаға таңылған Ләззат Қалтаева алматылық әрбір қоғам мүшесінің мүмкіндігі тең екенін дәлелдеп келеді.

    Ләззат Қалтаева кім?

    Ләззат Қалтаева Қызылорда қаласында 1965 жылдың 4 ақпанында дүниеге келді.

    1987 жылдың маусым айынан бастап Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамында хатшы-референт, одан кейін басшының орынбасары ретінде қызмет атқарды.

    1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін «Тұмар» ЖШС-де және «Виктория» ЖШС-де маркетинг инженері қызметінде болды.

    1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін «ДАЭКО» ЖАҚ-да, «Дәнекер» ЖАҚ-на, «Қазақстанаудит» ЖАҚ-да бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маман болды.

    2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауыдастығы« ҚБ, «Мүгедектігі бар адамдардың Орталық-Азиялық форумы« ЗТБ төрайымы.

    Білімі жоғары, Каспий қоғамдық университетін «заңгер« мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Мемлекеттік марапаттары: «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл« мерейтойлық медалі, «Құрмет« ордені.

    қатысты посттар

    Тоқаев: Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

    Фариза

    Қасым Жомарт Тоқаевтың үндеуі қаншада көрсетілетіні белгілі болды

    Фариза

    Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.