24 C
Алматы
Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Кредитті төлей алмайтын адамдарға қатысты заң әзірленіп жатыр

    Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған

    Премьер-министр Әлихан Смайылов “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz порталына сілтеме жасап.

    Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

    Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.  

    “Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын”,  –  деді Смайылов.

    Айта кетейік, Қазақстанда жеке азаматтардың банкроттығы туралы заңды қабылдау мәселесі талай рет көтерілді. Бірақ осы уақытқа дейін қолға алынбады.

    Жуырда депутаттар жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдауды ұсынды. Мақсат – банкке қарызын төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген қазақты жалғыз баспанасынан айырмау. 

    Похожие записи

    “Украина соғысындағы көліктер Алматыда не істеп жүр?”

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Мамайдың Қазақстандағы ашаршылық туралы картинасы АҚШ-та деректі кинолар фестивалінің сыйлығына ие болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.