22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ақтөбеде депутат өзін ақымақ деген ер адамды сотқа берді

    Сот Facebook-те облыстық мәслихат депутатын қорлаған ақтөбелікке жаза тағайындады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” сайтына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, бәрі әлеуметтік желіде басталған. Онда ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Амангелді Есеркепов (облыстық мәслихат депутаты) зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салынғаны, іс 2021 жылы жазда болғаны айтылады. Желі қолданушыларының бірі “ақымақ”, “старпер” деп, оны қорлайтын сөздер жазған. Мұны көрген депутат пікір жаған авторды сотқа берген.

    Айыпталушы тарап та ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы болған, оны прокурорлық ұйғарымнан кейін жұмыстан шығарған. Айыпталушы кінәсін мойындамаған, ол Facebook-те Есеркеповті қорламағанын, парақшасы жоқ екенін айтқан.

    Сот бұрынғы АӘД оқытушысын 50 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту туралы үкім шығарды, бірақ оны рақымшылыққа байланысты осы жазадан босатқан. Сондай-ақ, сотталушы Амангелді Есеркеповке моральдық зиян ретінде 100 мың теңге және осы іс бойынша заңгерлерге 500 мың теңге төлеуі тиіс.

    қатысты посттар

    Арал: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарлама аясындағы жұмыстар басты назарда

    Фариза

    Қазақстанда жылу бағасы қымбаттады

    Фариза

    Кімдер өтініш жібермей-ақ 42500 алады: Министр мәлімдеме жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.