7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматы қаңтар қырғыны кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлеуді бастады

    Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Өтемақы мемлекеттік органдардың, ауруханалар мен БАҚ-тың зардап шеккен 603 қызметкеріне төленеді. Оның ішінде: 592 құқық қорғау органдарының қызметкері, төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 3 қызметкері, «Алматы» телеарнасының 1 қызметкері және медициналық ұйымдардың 6 қызметкері.

    І. Өсеровтің айтуынша, төлемдер ауыр дәрежеде – 2 млн теңге, орташа дәрежеде – 1 млн теңге, жеңіл түрде – 500 мың теңге есебінен жүргізіледі.

    Сонымен қатар, ТЖ кезінде жұмылдырылған полиция департаментінің 3878 қызметкеріне, Төтенше жағдайлар департаментінің 1207 қызметкеріне, Қоғамдық денсаулық басқармасының 3888 қызметкеріне, құтқару қызметінің 93 қызметкеріне 100 мың теңге қаржылай көмек төленеді.

    Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады.Алматы әкімінің орынбасары

    Полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін зардап шеккен автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін шамамен 200 млн теңге мөлшерінде бастапқы сома жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл сома көбейтіледі.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған

    Фариза

    Қызылордада Сырдария ауданындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Фариза

    Қызылордада орман алқабын қорғау мақсатында жол картасы әзірленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.