24 C
Алматы
Сәрсенбі, 25 Мамыр 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Басшылық қоқан-лоқы көрсетті” Бұрынғы колония қызметкері Президенттен көмек сұрады

    Павлодардағы АП-162/4 колониясының бұрынғы қызметкері Тасболат Жақаев Мемлекет басшысынан көмек сұрап, бейнеүндеу жолдады. Шағын видеода ер адам басшылық қоқан-лоқы көрсетіп, арнайы мекемедегі жұмысынан кетуге мәжбүрлегенін айтады. Оның бейнеүндеуі Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Бейнежазбада полиция киіміндегі экс-қызметкер биыл 12 қаңтарда сағат 20.00 шамасында мекеме бастығының режим және жедел жұмыс жөніндегі орынбасарының бұйрығымен оған бөлім бастығымен бірге қара дорба әкелгенін, содан кейін жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын айтады. Бірақ автор дорбада не болғанын нақтыламайды.

    “2022 жылы 14 қаңтарда мені департаментке шақырды. Онда департамент бастығының орынбасары қорқытып, жұмыстан шығу туралы өз еркіммен баянат жазуға мәжбүр етті. Содан кейін мені және жасақ бастығын жұмыстан шығарды”, – дейді Жақаев.

    Ер адам облыстық ҚАЖД басшылығына жүгінгенін, бірақ сөзіне ешкім құлақ аспағанын айтты.

    “Осы жағдайды анықтауыңызды сұраймын. Әділдік орнағанын қалаймын, өйткені зейнетке шығуға екі жыл қалды. Мен – төрт баланың әкесімін. Бұған дейін қызметке қатысты шағым болған жоқ”, – дейді бұрынғы қызметкер.

    Павлодар облысы ҚАЖ Департаменті қатаң режимдегі колония қызметкері өз еркімен жұмыстан шыққанын растады. Сонымен қатар, видео авторы айтқан деректер тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

    “2022 жылдың 14 қаңтарында Т.Т. Жақаевтан ҚАЖД кадр саясаты бөліміне өз еркімен Ішкі істер органдарынан жұмыстан босату туралы баянат түсті. 17 қаңтарда Павлодар облысы бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының бұйрығымен “Құқық қорғау қызметі туралы” ҚРЗ 80-бабы 1-тармағының 5-тармақшасы бойынша ІІО-дан босатылды. Өтініште баяндалған барлық дерек бойынша қауіпсіздік тобы қызметтік тексеру жүргізеді”, – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.

    Похожие записи

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы бойынша төтенше жағдай енгізді

    Дүнген халқы ҚР заңы мен тілін көздеріне де ілмей ме?

    Сириядан 231 Қазақстандық азамат елге оралды

    Пікір қалдыру

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.