10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    151 БАЛАҒА МЕРЕКЕЛІК СЫЙЛЫҚТАР ҮЛЕСТІРІЛДІ

    🔸️«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, биыл ауданымызда Жаңа жылды қарсы алу рәсімі жылдағыдан сәл өзгеше ұйымдастырылып отыр. Өзгешелігі сол, өткізілетін іс-шаралардың форматына өзгерістер енгізіліп отыр. Іс-шаралардың ішінде қайырымдылыққа көбірек маңыз берілуде. Биыл аудан тұрғындарына Жаңа жыл мерекесінің мәнін сезіндіру үшін ауылдарда аудан көркемөнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынуда. Бұл іс-шара өз кезегінде тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлайтыны анық.



    🔹️Ерекше атап өтерлігі, биыл «Б.Момышұлы атындағы мейірімділік қоры» арқылы, мекеме басшылары, депутаттар және кәсіпкерлердің күшімен бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі 150 балаға мерекелік сый-сияпаттар жасалды. Одан бөлек, «Мейірімділік жүректен» ұранымен 19 тұл жетім балаға аудан әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлық табысталды. Бұл сыйлықтарды Жаңа жылдың негізгі сәні Аяз ата мен Ақшақар арнайы көліктермен барып табыстап қайтқан болатын.

    🔹️Сәрсенбінің сәтті күні Жаңа жылдық сыйлықтарды балаларға табыстау үшін және оларды жарқын мерекемен құттықтап, қуанту үшін Аяз ата мен Ақшақарлар және мереке кейіпкерлері аудан орталығынан салтанатты түрде ауылдарға аттанды. Осы күні аудандық «Достық» мәдениет үйінің ауласында шағын жиын ұйымдастырылып, онда аудан әкімінің міндетін атқарушы Асхат Жабағы, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, «Б.Момышұлы атындағы мейірімділік қорының» президенті, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

    🔶️Мерекелік тілектерденсоң Аяз ата мен Ақшақарлар және Жаңа жыл кейіпкерлерінің киімін киген аудан өнерпаздары балаларды қуантуға ауылдарға аттанып кетті.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: 18 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

    Фариза

    Қызылорда: Аймақ басшысына балық шаруашылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама таныстырылды

    Фариза

    Шымкент: Қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі өзекті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.