16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бүлдіршінді жабыла тепкілеген балалардың видеосы жұртты шошытты (видео)

    Алматыдағы балабақшалардың бірінде бірнеше ойын баласы топтағы бір баланы қуып жүріп сабаған видеосы тарады.

    Видеода ұлы да, қызы да жабылып жалғыз баланы аяусыз төпелеп жүр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Бейнежазба Telegram-ғы ZHEST_KZ каналында жарияланды. Видеода қара киім киген бүлдіршінді бәрі жабылып сабап жүргенін көруге болады. Соққылардан жасқанған бала қайда қашарын білмей дал. Ары-бері жүгіріп, бір кезде жерге құлайды. Бірақ оған қарап жатқан тәрбиеленушілер жоқ. Бірі басынан, екіншісі ішінен тепкіге алды. Арасында қыздар да қосылып ұрып жүр. Ақырында таяқтан көз аша алмаған бүлдіршін қашып құтылғандай болады.

    Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаны оқырмандарының бірі жіберген. Бір қызығы осынша бала жабылып бір баланы сабап жүрсе де, балабақшада оларға қой дейтін тәрбиеші де, басқа қызметкерлері де көрінген жоқ.

    Қаладағы №58 мемлекеттік балабақша. Менің балам осында барады. Бірақ соңғы бір айда денсаулығына байланысты үйде болған еді. Мына балалардың бұзықтығына қарап жүрегің ауырады екен, — деп жазған видео авторы.

    Желі қолданушылары бұл жағдайға өздерінің түрлі пікірлерін қалдырды. Бірі балабақшаны ғайбаттаса, енді өзгелері бүлдіршінге аяушылық танытқан.

    қатысты посттар

    Мотивациялық видео жолдау мен тоқал үшін орнынан алып тастау дұрыс емес!

    «Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

    Фариза

    Орал тұрғыны марқұм белсенді Дулат Ағаділді еске алып, пикет өткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.