20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ұлты мен дінін сатқан Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат – депутат

    Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оның есімін Қостанай облысындағы ауданға беруді ұсынды.

    Ол осылай деп депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып, Николай Степнов болған Әліби Жангелдин атында болуы елге де, ерге де және ең алдымен әруаққа қиянат,

    — дейді Қазыбек Иса.

    Оның айтуынша, Жангелдин ауданының тұрғындары атауды өзгерту бойынша президентке ашық хат та жазған.

    Айта кетейік, Қостанай облысына кіретін Жангелдин ауданы бар. 1950 жылға дейін Торғай ауданы атанған. Орталығы — Торғай ауылы. 2019 жылғы санақ бойынша 12 251 тұрғын бар.

    қатысты посттар

    Полиция бастығы ат мініп, желіні шулатты (видео)

    “Ұят, обал, әріптестерім үшін ұяламын” Меруерт Түсіпбаева Жанардың жерлеуіне қатысқан әріптестері туралы айтты

    Фариза

    Мұхтар Тайжан Божкоға: Мұндай әңгімені өзіңіздің балаларыңызға айтасыз!

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.