12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдық жас өнертапқыштардың жетістіктері сүйсіндіреді

    Бүгінде жамбылдық жас дарындар мен өнертапқыштардың жетістіктері көптің көңілінен шығуда. Оған ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Тәуелсіз елдің – дарынды ұландары» атты дарынды жастардың форумында көз жеткізе түстік.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған форумға қатысушылар алдымен дарынды оқушылар мен спортшылардың және жас өнертапқыштардың жетістіктерінен әзірленген көрмемен танысты. Көпшілік назарына ұснылған алғыр жастардың тың жобалары айрықша назар аудартады.

    Атап айтсақ, физики-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы желілік ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегерлері, 9-сынып оқушылары Ақәділ Айту Тасөткел су қоймасын балық ауларынан тазалайтын қондырғы жасап шығарса, Зарифжон Рахимов пластикалық қалдықтардан қалалық каналдарды механикалық тазалау қондырғысын ойлап тапқан. Ал, жаратылыстану-математикалық цикл бойынша әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадасының 1-орын иегері Әлия Анарбаева ақылды есік және оның ерекшеліктері жобасын көпшілік назарына ұсынды. Қондырғы-есік адамның дене қызуын өлшеп, соған сәйкес жұмыс жасайды. Яғни, температурасы жоғары, ауырып тұрған адамға есік ашылмайды. Бұл санитарлық талаптардың сақталуына айрықша назар аударылған қазіргідей уақытта аса маңызды екенін айтпасақ та түсінікті.

    Сондай-ақ, көптің көңілінен шыққан тағы бір жұмыс Тараз қаласының білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының 8-сынып оқушысы Алижан Сапаралиевтің «Әмбебап сарбаз» роботы. Ол жоғарғы градустағы ыстыққа, төменгі градустағы суыққа да төзімді. «Әмбебап сарбаз» әсіресе өрт, жарылысқа қатысты төтенше жағдайлар кезінде таптырмас көмекші құрал.

    Бұдан бөлек, аталған орталықтың 10-сынып оқушысы Інжу Ғалымжанқызының «Өрт сөндіруші – құтқарушы кемесі», Саллахадди Алихановтың «Көп мақсатты тікұшақ Геракл» секілді жобалары, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей интернатының 10-сынып оқушылары Лес Бекнұр мен Бейбіт Мұраттың “Smart garden” ақылды бау бақшасы, Сағынбек Рамазан мен Ринат Дидардың медицинадағы инновациялық көмекші роботы да көрушілерді таңдай қақтырды.

    Бұдан соң «Баласағұн» орталық концерт залында өткен форум барысында жамбылдық оқушылардың табыстары жайлы жан-жақты айтылды. 

    Бердібек Сапарбаев жас дарындардың еңбегін жоғары бағалап, жаңашыл, білімді жастарды қолдау мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

    – Сіздер, дарынды жастар, «Мәңгілік ел» азаматы болуға, ҚР тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатында көрсетілген биік мақсаттарға жетуге тиіссіздер.

    Елімізде оқушылардың сапалы білім алуларына баса назар аударылып, дарынды оқушыларға үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

    Барлық аймақта қазіргі заман талаптарына сай ақпараттық технологиялармен жабдықталған жаңа үлгідегі мектептер салынуда. Еліміздің барлық өңірінде Назарбаев Зияткерлік мектептері бар.

    Халқымызда «Ұстаздан шәкірт озар» деген жақсы сөз бар. Сіздер Тәуелсіз, болашағы жарқын елдің ұланысыздар! Өмір жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын,-деген аймақ басшысы оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуы да басты назарда екенін жеткізді.

    Облыс әкімі республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының, өнер білім, байқауларының, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегері атанған 20 оқушыны марапаттады.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

    Фариза

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

    Фариза

    Жаңатастың жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.