9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

    Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарасты валюта басқармасы жетекшісі қызметіне тағайындалудан бас тартты деп жазады Reuters. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy порталына сілтеме жасап.

    Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің өзі Сәуле Омарованың кандидатурасын аталған қызметке ұсынған болатын. Алайда, Сенатта өткен тыңдау кезінде республикалықтар Омарованы сынның астына алды. Сенат өкілдері оның бұрын коммунист болғанын, КСРО идеологиясын бойына сіңіріп өскенін мәлімдеген. Алайда, Сәуле Омарова өзінің ешқашан коммунистер сапында болмағанын, ал әке-шешесі кеңестік идеологиядан зардап шеккенін айтып ақталды.

    «Мен Сәуле Омарованың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тарту туралы өтінімін қабылдадым», – делінген Джо Байденнің мәлімдемесінде.

    Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін оқып тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген

    қатысты посттар

    Әйелдерге ғана берілетін ипотеканың шарттары өзгерді

    Фариза

    Қызылорда облысында тойханалар өндіріс орнына айнала бастады

    Фариза

    Қызылорда қаласында бақша дақылдарын өсірушілер көбейіп келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.