21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша жыл бойы алдыңғы қатарлардан көрініп келеді

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз брифингінде ағымдағы жылдың 11 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына тоқталды.

    Мемлекет басшылығының қолдауының арқасында Жамбыл облысында дамудың оң динамикасы сақталуда.

    Дүние жүзіндегі экономикалық дағдарысқа қарамастан облыста Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауларының және мемлекеттік бағдарламалардың жемісті жүзеге асуының нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Жамбыл өңірдің экономикалық өсім 4,9 пайызды құрады.

    Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 540млрд.теңгені құрап, 5 пайызға артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 410 млрд. теңгеге жетті (+1,5 пайыз). Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 10пайызға айналды. Облыс экономикасына 324,2млрд.теңге инветиция тартылды. Құрылыс көлемі 9 пайызға өсті, облыс бойынша 598,7мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім – 18,5%). Бюджет қаражаты 98,9 пайыз игерілді.

    Бір айта кетерлігі, Жамбыл облысы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар арасында жыл бойы алдыңғы қатарлардан көрініп келеді.

    Экономиканың дамуы бірден-бір оған жұмылдырылған инвестиция көлемін,  өнеркәсіп өндірісіне байланысты.

    Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін Жамбыл облысында 2,7 трлн. теңгеге 107 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Есепті кезеңде 50,7 млрд. теңгеге 5 жоба іске асырылды.

    Мемлекен басшысының Жолдаудағы міндеттерді іске асыру нәтижесінде өңірде жаңа сала пайда болды. Ол – фармацевтика. Бұл бағыттағы есепті кезеңдегі өнім өндірісі 3239,9 млн. теңгені құрап, көрсеткіш  2,4 есеге өсті.

    Аймақ басшысы кәсіпкерлерді қолдау шараларына да тоқталды. Облыста барлығы 71,7 мың ШОБ субъектісі тіркелген, оларда 123 мың адам жұмыспен қамтылған.

    Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 1,3 мың кәсіпкерге  жалпы 5,1 млрд. теңге көлемінде  шағын несиелер берілді, 4,7 мың адам жалпы 2,7 млрд. теңгенің қайтарымсыз гранттарына ие болды.

    «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,1 мың кәсіпкерге несиелерді ішінара кепілдендіруге 2,1 млрд.теңге, 1,2 мың кәсіпкердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 5,3 млрд. теңге берілді.

    «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жалпы 71,3 млрд. теңгенің 179 жобасы мақұлданып, 64,3 млрд. теңгенің 177 жобасы қаржыландырылды.

    қатысты посттар

    Бердібек Сапарбаев вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

    Фариза

    Сыр елінің ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.