18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    Қазақстанға 11 елден келуге шектеу қойылып, Египетпен әуе байланысы тоқтайды

    “Омикрон” штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күн үй карантинінде оқшауланады.

    Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.

    Коронавирустық инфекцияның “Омикрон” штамының пайда болуына байланысты оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:

    • Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
    • “Омикрон” штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін екпесі бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу.
    • “Омикрон” штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс.

     Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

    • Бельгияда, Египеттен келген адамнан “Омикрон” штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру.
    • Қазақстанда айналымда жүрген короновирустық инфекция штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстарын жалғастыру.

    қатысты посттар

    Момыш бұлағы – қасиетті мекен

    Алакөлге жазғы пойыздар қатынай бастайды

    Фариза

    Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.