16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Астаналық палуан 80 тонналық ұшақты сүйреді (видео)

    Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында жас палуан 80 тонналық Airbus-320 ұшағын сүйреді. Айбар Тұрғанбайұлының бірнеше джипті, қос тепловозды қатар сүйрегені жөнінде жан-жақты ақпарат берілген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Айбар Тұрғанбайұлы Ержанов — Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылында 1982 жылы туған. Бойы 185 см, салмағы 120 келі. Ауыр атлетиканың 8 түрінен “Спорт шебері”. Ол жуырда Елордамызда 80 тонналық Airbus-320 ұшағын сүйреп, күшін байқап көрді.

    Мен бұған дейін жалпы салмағы 276 тонналық қос локомотивті жаттығу кезінде 5 метрге дейін сүйреп, Гиннестің рекордын жаңартқанмын. Енді 80 тонналық ұшақты да сүйреп көрдім. Келешекте ауыр атлетика түрлерінен әлемдік додаларға қатысу,

    — деп өз ойымен бөлісті Айбар Ержанов.

    Ол бұған дейін таза салмағы 15 тонналық ауыр жүк мәшинесін, 2,5-3 тонналық бірнеше джипті бір сәтте қатар сүйреген.

    Палуан жігіт осы жазда Нұр-Сұлтан қаласындағы Локмотив жасау зауытында әр қайсысы 138 тонна тартатын, ұзындығы 22 метрлік (44 м) 2 локомотивті сүйреген еді.

    Видеодан кадр
    Видеодан кадр

    қатысты посттар

    Үйі өртенген алты балалы отбасы далада қалды

    Фариза

    Алматыда әйелді ұрып-соғып, зорлаған ер адам ұсталды

    Фариза

    Павлодар тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек аламын деп мемлекетке қарыз болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.