9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Жаратқанның ісіне араласу күпірлік болар” Нұрлан Ноғаев қуаңшылық келесі жылы да жалғасуы мүмкін екендігін айтты

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елордада өткен баспасөз мәслихатында келесі жылы да қуаңшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Жаратқанның ісіне араласу күпірлік болар. Келесі жылы жаңбыр жауады деп ешкім де айта алмайды. Бұл жағдай екі-үш жылдан бері жалғасып келеді. Болжам бойынша, қуаңшылық келесі жылы да жалғасуы мүмкін,

    —дейді Нұрлан Ноғаев.

    Нұрлан Ноғаев / © СЦК
    Нұрлан Ноғаев / © СЦК

    Ол биылғы жылы қанша мал қырылғанын және малдарды тіркеу туралы айтты.

    Бізде бар мәлімет бойынша 1209 мал өлген. Оның 950-і Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі базаға тіркелмеген. Енді малды тіркеуге байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Малды егу үшін, басқа да ветеринарлық көмектер алу үшін тіркеу керек,

    —дейді әкім.

    ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ
    ©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

    Ол Маңғыстау облысында шөптің шығуы басқа облыстармен салыстырғанда қиын екенін айтты. Мысалы басқа облыстарда бір шаршы метрге 1000 түп шөп шығатын болса, Маңғыстауда 80 түптен аспайды екен.

    Биыл қуаншылыққа байланысты оның көп шауып алды. Көп жерлерге зиян келтірілді. Сондықтан тепе-теңдікті сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі,

    — деді Нұрлан Ноғаев.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова егінге орақ салу рәсіміне қатысты

    Фариза

    Қызылорда қаласының коммуналдық саласында тың серпіліс бар

    Фариза

    Қызылорда облысында екі ірі жобаның құрылысы басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.