12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Денесінде улау белгісі бар ма?” Белсенділер Арон Атабекке тәуелсіз сот сараптамасын жасауды талап ететінін айтты

    Белсенділер 24 қарашада кешке жүрегі тоқтаған диссидент, ақын Арон Атабектің сүйегіне тәуелсіз сот медицина сараптамасын жүргізуді талап ететінін айтып отыр. Олар диссиденттің нақты неден қайтыс болғанын білгісі келеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    “Тәуелсіз сот медицина сараптамасын талап етеміз. Олар өздерінің сараптамасын жасайды. Бірақ сонымен қатар өзіміз тапқан тәуелсіз сараптаманы жасатқызуымыз керек. Негізгі сұрақтар: Ол кісі неден қайтыс болды? Денесінде улау белгісі бар ма? Ірі денелі адам соңғы жеті айда сондай күйге жеткен. Неден болды? Қолдарын көтере алмай қалды. Құр сүлдері қалды. 85 кило болған адам 50 кило болып қалды. Соның себебін сараптама арқылы анықтағымыз келеді” деді Мұратбек Есенғазы.

    Белсенді Біржан Төлеубекұлының сөзіне қарағанда, 25 қарашаға қараған түні Қалқамандағы мәйітханада бірнеше адам қонып шыққан. Айналада полиция, арнайы жасақ көп болған. Бейсенбі таңертеңгі сағат 9-да сараптама басталуы тиіс.

    “Бұл жаққа қазір адамдар жиналып жатыр. Арон Атабектің туыстары да келуі тиіс” деді ол бейсенбі таңертең.

    2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, биыл түрмеден шартты жазамен босап шыққан диссидент ақын Арон Атабаек 24 қараша кешкісін 68 жасында қайтыс болды.

    Арон Атабек жатқан Алматыдағы “Медициналық көмек орталығы” атынан әлеуметтік желіде тараған мәлімдемеде науқастың “қан айналымы тоқтап” қайтыс болғаны айтылады. Медициналық көмек орталығы Арон Едігеевтің “аса ауыр деңгейдегі коронавирус инфекциясы” диагнозы қойылғаннан кейін ауруханаға жатудан бас тартқанын, кейін ауыр жағдайда реанимацияға түскенін ескертіп, марқұмның жақындарына көңіл айтқан.

    Биыл 1 қазанда Павлодар соты 2006 жылғы “Шаңырақ оқиғасынан” кейін 18 жылға сотталған Арон Атабектің қалған жаза мерзімін бостандығын шектеу жазасына ауыстырып, ақынды “денсаулық жағдайына байланысты” түрмеден шығарған.

    Арон Атабек бостандыққа шыққан соң Азаттыққа сұхбат беріп, 21 қыркүйекте оқыс құлап, басын жарғанын, содан кейін Павлодар ауруханасында он күн кісендеулі күйі төсекке танылып жатқанын мәлімдеген.

    Ұзақ жылдардан бері өзін толық ақтауды талап еткен диссидент ақын биліктің өзіне білдіртпей, Павлодардағы ауруханадан тікелей әуежайға апарып, Алматыға баратын ұшаққа салып жібергенін айтқан.

    Бостандыққа шыққаннан кейін туыстары Арон Атабектің халі нашарлап Алматыдағы ауруханаға жеткізілгенін, бірақ оның ауруханаға жатудан бас тартқанын хабарлаған. Бірақ артынша қарындасы жағдайы нашарлағаннан кейін оны жеке клиникаға жатқызуға мәжбүр болғанын айтқан.

    қатысты посттар

    Дүнген халқы ҚР заңы мен тілін көздеріне де ілмей ме?

    Ермахан Ибраимов тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Енді тойханаларды казинолар сияқты құрту керек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.