16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдағы ауылдық аймақтарда «Салауатты ауыл» жобасы басталды

    Жамбыл облысы Меркі ауданының Аспара және Ақермен ауылдық округтерінде «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы (төрағасы Т.К. Рахыпбеков), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (басшысы А. Қалиев), Меркі ауданы әкімдігінің (әкімі Р. М. Нұрсипатов) арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес «Салауатты ауыл» жобасын енгізу басталды.

    Меморандумның мақсаты: «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медицина» Ұлттық жобасын, сондай-ақ салауатты өмір салтының профилактикалық бағыты бөлігінде халық денсаулығы мүддесінде әлеуметтік әділдікті сақтау жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыруға көмек беру.

    Аталған іс-шараның алдында Аспара және Ақермен ауылдарының қарияларымен, тұрғындарымен, жастармен кездесулер өткізіліп, қан айналымы жүйесі ауруларының (инфаркт, инсульт) алдын алу, қауіп факторлары, салауатты өмір салты дағдылары, алғашқы көмек көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізілді.

    Денсаулық – бұл аурулар мен физикалық ақаулардың (ДДСҰ) болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы.

    Жыл сайын инфекциялық емес аурулардан (қан айналымы ағзаларының (ҚЖА), онкологиялық, респираторлық синдромы бар тыныс алу ағзаларының аурулары, қант диабеті) барлық өлімнің 80,0%-ын құрайды. Тек қан айналымы жүйесі ауруларынан жыл сайын 30 бен 69 жасқа дейінгі 15 млн адам қайтыс болады.

    Адам денсаулығына бірқатар факторлар әсер етеді: темекі шегу, физикалық белсенділіктің төмен деңгейі, алкогольді пайдалану және дұрыс тамақтанбау – мұның бәрі мерзімінен бұрын өлім қаупін арттырады.

    ДДСҰ мәліметтері бойынша, өлімнің барлық себептерінің 60%-дан астамы дұрыс емес өмір салтымен (дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, жаман әдеттер) тікелей байланысты және инфекциялық емес аурулардың дамуына ықпал етеді.

    Темекі шегу – оны тұтынатын адамдардың жартысына жуығы өлімге душар болуы мүмкін. ҚР-да ересек тұрғындарға жаһандық сауалнама жүргізу кезінде 2019 жылы – 21,5% (2,8 млн.) темекі шегеді, оның ішінде ерлер – 38,3%, әйелдер – 6,4% темекіні тұтынады, қоршаған орта үшін пассивті темекі шегу де өте қауіпті.

    Алкоголь. Жыл сайын әлемде алкогольден 3 миллионнан астам өлім тіркеледі, бұл барлық өлімнің – 5,3% құрайды.
    Ащы судың зиянды әсері 200-ден астам аурулар мен жарақаттардың себебі болып табылады. Оны тұтыну өмірдің ерте кезеңдерінде өлім мен мүгедектікке әкеледі.

    20-29 жас аралығындағы адамдар арасында барлық өлімнің шамамен 13,5%-ы алкогольмен, сондай-ақ психикалық және мінез-құлық денсаулығының бұзылуымен байланысты.

    Тамақтану. Дұрыс тамақтанбау – артық салмақ пен семіздікке әкеліп соғады, денсаулыққа зиян тигізеді. 650 миллионнан астам адам семіздікпен ауырады және онымен ауыратындар саны жыл сайын артып келеді. 1975 жылдан 2016 жылға дейін бүкіл әлемде семіздікке шалдыққан адамдар саны 3 еседен астам өсті.

    Дене салмағының индексінің жоғарылауы инфекциялық емес аурулардың негізгі қауіп факторларының бірі болып табылады. Мысалы, қан айналымы жүйесінің аурулары (инфаркт, инсульт), қант диабеті, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, онкологиялық аурулардың кейбір түрлері (сүт безі, эндометрия, аналық без, қуық асты безі, бауыр, өт қабы, бүйрек, тоқ ішек обыры).

    Кездесу барысында Аспара және Ақермен ауылдарының тұрғындары «Дені сау ұлт» жобасын енгізу бастамасын қолдады.
    Аталған ауылдық өңірлерде тұрғындар темекі шегуден және алкогольден толық бас тартты. Жалпы білім беру ұйымдарында, ересек тұрғындар (ерлер мен әйелдер) арасында профилактикалық бағытта шаралар жүргізу, салауатты өмір салты дағдыларына оқыту ұйымдастырылатын болады.

    Жұмыстың үлкен бөлімі дұрыс тамақтануды үйрету болып табылады: тұтынылатын майлар мен қант, тұз мөлшерін азайту арқылы калорияны шектеу. Қант – салмақтың өсуіне, жүрек ауруына, қант диабетіне ықпал етеді. Тұзды шамадан тыс тұтыну артериялық гипертензияның, бүйрек, бауыр, қан тамырлары ауруларының және т. б. дамуына әкеледі.

    Қайта өңделген жылдам әзірленетін жеңіл тағамдарды, қуырылған тағамдарды, бәліштерді, печеньелерді, өнеркәсіптік транс майларды ас мәзірінен шығарып тастау керек. Жемістер мен көкөністерді, сондай-ақ бұршақ дақылдары мен жаңғақтарды тұтынуды арттыру қажет.

    Өте маңызды! Тұрақты физикалық белсенділікті сақтаңыз – балалар үшін күніне 60 минут, ересектер үшін аптасына 150 минут.

    Осылайша, салауатты өмір салты дағдыларына оқыту, дене белсенділігін арттыру, зиянды әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, аурулардың дамуына әкелетін әлеуметтік тәуекелдерді анықтау және саралау – халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға ықпал ететін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етеді.

    Меркі ауданы тұрғындарының салауатты өмір салты профилактикалық бағыты бойынша «Салауатты ауыл» жобасын іске асыру бастамасын басқа өңірлер қолдайды деп үміттенеміз!

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН IT ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ АШЫЛАДЫ

    Фариза

    Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

    Фариза

    Меркі ірімшік зауыты қуаттылығын арттырады

    Пікір қалдыру

    15 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.