-5.1 C
Алматы
Бейсенбі, 9 Желтоқсан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілердің жалақысы көтеріледі

    Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты құрылған жұмыс тобы 1996 жылдан бері орын алған апаттардың бәрін тексереді.

    Абай кенішіндегі қайғылы оқиғадан кейін кеншілер көтерген мәселелер шешімін табады. 10 күн бойына келісім комиссиясы жұмыс істеп, оның құрамына кәсіподақ ұйымдары, әр кеніштен белсенділер, жергілікті атқарушы орган өкілдері кірді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    “12 талап қойылды. Олардың барлығы әділ. Мен барлық шахталарды аралап шықтым, кеншілермен кездесулерде барлық толғандыратын мәселелерді талқыладық”, – деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

    “АрселорМиттал Теміртау” компаниясына келесі міндеттемелер жүктелген:

    • жыл сайын 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейінің 100% көлемінде жалақыны индекстеуді жүзеге асырсын;
    • өндірістік-экономикалық көрсеткіштер жоспарының орындалуына қарамастан ағымдағы жылдың желтоқсан айында 13-ші еңбекақы төлеуге;
    • желтоқсанда жалақыны 15–17 пайызға көтеру;
    • кадр тапшылығын жою, ол үшін желтоқсан айының соңына дейін нормативті сандық және штаттық кестені әзірлеп, ай сайын олар толық қамтылғанға дейін кемінде 100 адамды жұмыспен қамту;
    • жұмыс автобустарын жаңарту;
    • 2018 жылдың 1 қаңтарынан кейін жұмысқа орналасқан қызметкерлердің демалыс күндерінің санын көбейтуге;
    • ұзақ уақыт ауырған адамдардың еңбекке жарамсыздық парағындағы төлемдерді 50 АЕК-ке дейін арттыру;
    • шахталарда техникалық аудит жүргізу және ескірген жабдықты пайдаланудан шығару;
    • тау-кен-геологиялық жағдайларға байланысты жоспарлау тапсырмаларын түзету.

    Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты жұмыс тобы құрылды. Мамандар 1996 жылдан бері орын алған апаттардың барлығын тексереді. Талдау негізінде іс-шаралар жоспары жасалуы керек.

    Заңнамадағы өзгерістер үш мәселені, соның ішінде зейнет жасын төмендетуді талап етеді. Олар бойынша үкіметке хаттар жолданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    “Келісім комиссиясының жұмысы аяқталғна жоқ. Қабылданған шешімдердің орындалуын өзім қадағалайтын боламын. Ол үшін ай сайын кездесіп, екі жақты тыңдайтын боламыз”, – деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

    Сондай-ақ облыс әкімі кеншілер қалалары – Абай, Шахтинск және Саранды дамыту жоспарларына да тоқталды. Бұл қалаларда тұрғын үй құрылысын, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді абаттандыру жалғасады.

    Похожие записи

    Қызылорда стационарларын ПТР тестпен қамтамасыз етуге 60,1 млн теңге бөлінді

    Фариза

    Мешіт имамын әйел, бала-шағасының көзінше сабап кетті (видео)

    «Мектепке жол»: Жалағашта 30 оқушыға құрал-жабдықтар үлестірілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.