15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    “Вакцинациядан кейін темекі тартуға болмайды”. Дәрігер ескерту жасады

    Таяуда Жапония ғалымдары темекі өнімдерінің коронавирус инфекциясына қарсы жасалған екпеге кері әсері барын мәлімдеді. Медицина мамандарының айтуынша, темекі адам ағзасындағы антидененің мөлшерін азайтады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Еліміздің танымал терапевті Анжела Ашихмина да бұл тұжырыммен келісіп отыр. Ол темекі өнімдерінен бас тарту арқылы екпенің тиімділігін арттыруға болатынын айтып, коронавируспен ауырып шыққан адамдарға ескерту жасады.

    “Темекі өнімдерінің адам өміріне кері әсерін айтып тауысу мүмкін емес. Мұны кез келген медицина маманы растайды. Алайда COVID-19 індетінің келуімен бұл мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей жатыр. Бүгінде адам ағзасы өте мықты вируспен күресуде. Осы орайда коронавируспен ауырып шыққан адамдарды темекіден бас тартуға шақырамын, себебі КВИ тыныс алу жолдарының барлығына әсер етеді. Жаңа инфекцияның салдарынан мұрын қуысы, жұтқыншақ, трахея, бронх және өкпе тез қабынатын болды. Тіпті, өмір бойы ішімдік пен темекіге жоламаған пациенттердің өзі ауыр жағдайда түсіп жатыр, ал темекі тұтынатындардың денсаулығы мүлде нашарлап кетті. Олар, ең алдымен, пневмонияны қоздырып, ем алу процесін қиындатып жүр”, – дейді ол.

    Ашихминаның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе темекі өнімдерін тұтынатын адамдарды ажалдан алып қалмайды. 

    “Иә, вакцинацияның коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы екені рас. Бүгінде екпе алған елдердегі жалпы статистика көрсеткішінің жақсарғанын байқаймыз, бірақ мұнымен іс бітпейді. Вакцина алып, енді ауырмаймын деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Дәл осылай ойлайтын кісілердің қатты қателесетіндігін айтқым келеді. Бетперде тақпайды, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындамайды, одан қалды, темекіні бұрқыратады. Өз тәжірибемде өкпесінің тең жартысы қабынып, өлім аузынан қалған пациенттердің бірнеше күннен кейін-ақ темекіні қайта тартқандарын көрдім. Кейін олардың басым бөлігі емханаға қайта түседі, бірақ бұл жолы аурудың алдын алу қиын болады, сондықтан осындай қиын-қыстау заманда өз денсаулығымызға асқан жауапкершілікпен қарауға шақырамын”, – деді ол.

    Қазақстандық дәрігер темекі тартатын адамдар үшін ең қауіпті ауруды атады.

    “Векторлы екпелердің тромбоз туындатуы мүмкін, бірақ мұндай жағдай миллионда 5 рет қана кездеседі. Оксфорд университетінің зерттеуі бойынша, коронавирус белгілері табылған 500 мың адамның 300-нен тромбоз туған екен. Бұл нені білдіреді? Тромбоз екпе алмағандарға қатты әсер етеді. Айта кету керек, темекі өнімдерінің тромбоздан бөлек, жүйке жүйесі, өкпе, бауыр және жүрекке де зияны көп”, – дейді Анжела Ашихмина.

    Сонымен қатар, ол темекі өнімдерін тұтынатындардың COVID-19 инфекциясын тез тарататынын жеткізді.

    “Темекі тартатын адамдарда мөлшерден тыс аэрозоль бөлінеді. Темекі түтіні арқылы вирус тарауы мүмкін, сондықтан бұл жайтты да ескерген жөн. Бұл генетикалық факторлары белгілі темекі тартушылардың коронавирусты жедел қоздыратынын білдіреді” – дейді дәрігер.

    Сөз соңында Анжела Ашихмина темекіні көп тартып, ауруханаға түскен пациенттер туралы статистика келтірді. 

    “Емхана келіп түсетін коронавирус белгілері бар пациенттердің басым бөлігі темекі шегеді. Ал соның ішінде тәулігіне темекінің бір қорабын тауысатындар басқаларға қарағанда 6 есе көп қаза табады. Басқаша айтқанда, темекі тартатындар, темекі тартпайтындарға қарағанда 80 пайыз өлімге жақын болады. Ешқандай зерттеусіз-ақ күнделікті статистика мәліметтері арқылы мұны растай аламыз.

    қатысты посттар

    Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады: Министрлік түсініктеме берді

    Фариза

    “Қазақтарда медицина болған емес, кейіннен орыстардан үйренген…”

    Атыраулық медбикелер «вакцина паспорты» үшін 100 мың теңге алып отырған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.