-5.1 C
Алматы
Бейсенбі, 9 Желтоқсан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Үш баланы лақтырып, кейін өзі секірді”. Куәгерлер Алматыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты

    Алматыда 28 жастағы әйел үш баласымен тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп қаза болды. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Марқұммен көрші тұрған ер адам оқиға туралы айтып берді.

    “Мен оқиғаны көрмедім, бірақ көршілер әйел алдымен үш баланы терезеден лақтырып, кейін өзі секіргенін айтты. Мен бұл отбасымен іс жүзінде сөйлескен емеспін, олармен амандаспаймыз да. Өз алдына жүрген отбасы. 8-ші қабаттағы көршім олардың үстінен шағымданып жүретінін білетінмін”, – деді ер адам.

    Сурет: Tengrinews.kz©

    Әйелдің тағы бір көршісі қайғылы оқиға күндізгі бірлер шамасында болғанын айтты.

    “Үш пен жеті жас аралығындағы үш бала жерде жатты. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалуға тырысты, өкінішке қарай, екеуі сол жерде қаза болды. Балалар жалаңаш болды, тіпті олардың біреуінде шалбары да болмады. Мұны көргенде жүрегім ауырды. Ата-ана баласының өміріне осылай қарауы сұмдық”, – дейді оқиға куәгері Назар Рефан.

    Сурет: Tengrinews.kz©

    Төмендегі қабатта тұратын әйел де көршісімен мүлде араласпағанын айтты.

    “Оларды шынымен, ешкім танымайтын. Осындай жас келіншек өмірден өткені өкінішті”, – дейді ол.

    Бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды.

    Похожие записи

    “Халық үшін жұмыс істейтін азамат бұлай жасамайды!”

    Қарулы Күштерде алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылды

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда жас жігіт дәріхана сатушысының тамағына пышақ тақап, кассадан ақша ұрлаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.