10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шу ауданындағы Жайсан ауылына көгілдір отын берілді

    Жамбыл облысы Шу ауданындағы Алға ауылдық округіне қарасты Жайсан ауылына көгілдір отын келді. Бұған дейін көмір мен отын пайдаланып келген ауыл тұрғындарына бүгін көгілдір отын берілді.

    Қазірдің өзінде халықтың біршамасы өз жұмыстарын бастап кеткен. Қуанышты күні орталыққа жиналған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов құттықтай барып, халықтың тынымсыз еңбектің мехнатынан арылатын күнге жеткенін атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетовтың құттықтау сөзінен кейін ауыл ақсақалдарының төрағасы Мұхамедкәрім Көпбаевтың қатысуымен ШРП-дан газ жіберілді. Бұдан кейін аудан басшылары сол ауылдың тұрғыны Әбжан Абылкасымұлының шаңырағындағы қуанышты сәтке куә болды.

    Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн! Неше жылдан бер күткен көгілдір отынға қосылып, көмір жағып, күл шығарудан арылатын болдық. Қала берді 100-ден аса түтін тұратын ауылымыздың ауасы да түтіннен тазарып, экологиямызға біршама тиімді болады деп есептеймін.Осынау игілікті іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін, — деді Әбжан Онгаров.

    Бұған дейін көмір мен отын пайдаланып келген ауыл тұрғындарына бүгін көгілдір отын беріле бастағалы халықтың қуанышында шек жоқ. Олар осындай мүмкіндік жасап отырған басшылыққа шексіз алғыстарын білдірді.

    Көгілдір отынды үйге орнатып беру құны 153 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыстарды «КазТрансГазАймақ» аудандық филиалы жүргізеді. Айта кетерлігі Жайсан ауылында 500 адам, 110 түтін бар. Ауыл халқының басым бөлігі көгілдір отынға қосыламыз деген ниет білдіріп отыр.

    Жалпы, ағымдағы жыл соңына дейін Жамбыл облысындағы жиырма елді мекенге газ тартылып, газдандыру үлесі 82,4 пайыздан-83,8 пайызға артпақ. Оның ішінде: Байзақ ауданында – 97,4 пайызды, Жамбыл ауданында – 93,1 пайызды, Жуалы ауданында – 88,6 пайызды, Қордай ауданында – 94,1 пайызды, Т.Рысқұлов ауданында – 8.4,2 пайызды, Меркі ауданында – 95,3 пайызды, Мойынқұм ауданында –0, Сарысу ауданында -5,9 пайызды, Талас ауданында – 81,3 пайызды, Шу ауданында -84,5 пайызды құрамақ. Осылайша 257 елді мекендегі 953 мың жамбылдықтың көгілдір отын қолы жетеді деп жоспарлануда.

    қатысты посттар

    Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТІК ҮШ ҰСТАЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

    Фариза

    Жамбыл облысының әлеуметтік мониторинг нәтижелерін Талдау

    Пікір қалдыру

    nineteen − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.