16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев өңірдегі шаруалармен кездесті

    Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңірдегі ауыл шаруашылығы өкілдерімен кездесті.

    Кездесу барысында жем-шөппен, суармалы сумен қамтамасыз етуге, субсидияға қатысты мәселелер талқыланды.
    Аймақ басшысы негізінен көтерілген мәселелердің барлығы бұрыннан бар екенін атап өтті. Жазда республиканың барлық өңірін қуаңшылық қысып, бұл жағдай шөптің бітік болып өсуіне кері әсер еткені анық. Облыс басшылығы қолда бар мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалана отырып, фермерлерді жем-шөппен, суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу және жедел шешімдер қабылдау керектін міндеттеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасына тұрғындарға жем-шөпті қолжетімді бағамен сатуды ерекше бақылауға алу тапсырылды.

    Түйткілді мәселе жоқ емес. Мұндай жағдай бізде ғана емес, көрші облыстар мен іргелес елдерде де орын алуда. Бірақ барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі, шаруаларды мазалайтын бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды. Егер біз барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді барынша пайдаланатын болсақ, онда біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Біз жемшөппен тек жамбылдық шаруа қожалықтарды ғана емес, көршілес облыстарды да қамтамасыз ете аламыз. Мысалы, мойынқұмдық шаруалар Алматы және Түркістан облыстарына бірнеше мың тонна шөп жібереді, – деп атап өтті аймақ басшысы.

    Облыс әкімі жем-шөп жинау науқанының табысты өтуі әр шаруаның жауапкершілікпен қарауына байланысты екенін баса айтты. Мал азығын жинауға алдын ала қамданып, сай-салалар мен өзен арналарындағы, тау аңғарларындағы шөптерді шауып алу керек.

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 1730,5 мың тонна шөп дайындалды.

    Әрқайсымыз өз игілігіміз үшін тынбай жұмыс істеуіміз керек. Мемлекет те өз тарапынан қолдау көрсетеді. Биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға 19 миллиард теңге бөлініп, оның 14 миллиарды шаруа қожалықтарға берілді, қалған 5 миллиард жыл соңына дейін бөлінеді, – деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ауыл тұрғындары субсидия алуға кімнің құқығы бар екенін білуі үшін шаруалар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

    Аймақ басшысы сондай-ақ кеңесте ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жөніндегі «Trade-In» жобасының жүзеге асырылуына, су шаруашылығы құрылыстарын тазалау, бетондау және жаңғырту төңірегіндегі кешенді де ауқымды жұмыстарға тоқталды.

    Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарында су шаруашылығы нысандары жөнделуде. Арналарды (канал) механикалық тазалау және бетонмен қаптау жұмыстары да жүргізілуде.

    Осылайша суды барынша үнемдеуге және мыңдаған гектар суармалы жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік туады. Қордай ауданында – Ырқайты және Қалғұты, ал Байзақ ауданында Ақмола су қоймасы салынады. Мұның бәрі суару маусымында көрші елден келетін суға деген тәуелділікті төмендету үшін жасалып отыр. Облыс әкімі су теңгерімі жасалғанын, осы бағытта У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институтымен қолданыстағы су ұңғымалары мен сорғыларды қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жер үсті және жер асты суларын тиімді пайдалану қажеттігін де тілге тиек етті.

    Аграрлық секторды дамытуға үнемі ерекше мән беріліп келеді. Барлық мәселе облыс басшылығының бақылауында тұр. Осы салаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына және ауыл шаруашылығы басқармасына нақты тапсырмалар берілді, – деп қорытындылады аймақ басшысы.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

    Фариза

    ШҚО-ның 10 ауылында блокты-модульді станциялар орнатылады

    ШЫМКЕНТ: Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.