-5.1 C
Алматы
Бейсенбі, 9 Желтоқсан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым Қоғам

    Білім министрі мұғалімдерге көше сыпыртқандар жайында пікір білдірді

    Білім министрі Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалімдердіңдің көше сыпыруына байланысты туындаған дауға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген. Шамасы, мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары беріп, осындай мазмұндағы хат мектептерге таратылған.

    2019 жылдың желтоқсанында қабылданған Заң шеңберінде педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға тыйым салынады. Содан бері мұғалімдер тек тікелей функционалдық міндеттермен айналысуы керек екенін түсіну үшін уақыт жеткілікті болды. Мұндай бұзушылықтар үшін екі жүзге жуық басшы жазаланды. Олар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан шығарылды.

    Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті әкімшілік іс қозғап, тексеру жүргізіліп жатыр. Қала әкімі орынбасарының бұл жағдайға қатыстылығы расталған жағдайда, аталған лауазымды тұлға және өзге тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Біз сондай-ақ қажетті шаралар қабылдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүгінеміз. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінің басшысы да жауапкершілікке тартылады.

    Похожие записи

    Жәрдемақымызды жеп отыр – мүгедек жандарды күтушілер

    Фариза

    Балалар 6 жастан бастап мектепке баруға міндетті ме: Министр жауап берді

    “Елім деген әр азаматтарымызды қамай берсек, еліміздің болашағы не болмақ?” Бақтияр Артаев биліктегілерге үндеу жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.