-5.1 C
Алматы
Бейсенбі, 9 Желтоқсан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН «ЗАМАНАУИ МЕДИА ЖӘНЕ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ СЕМИНАР ТРЕНИНГ ӨТТІ

    Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ұйымдастыруымен облыс әкімдігі басқармаларының және қалалық, аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшыларына арналған «Заманауи медиа және баспасөз қызметі» тақырыбында кезекті семинар-тренинг өтті.

    Семинардың мақсаты – баспасөз қызметі мамандарының біліктілігін арттыру, білімін шыңдау, ақпарат берудің әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері туралы мәліметтер беру.

    Аталған іс-шараны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек ашып, баспасөз хатшыларының билік пен халық арасында тығыз әрі сенімді байланыс орнатушы тетікке айналғанын айтты.

    Қазір өздеріңіз білесіздер, әлем күн сайын қарыштап дамып, сәйкесінше жаңа мәселелер туындауда. Сонымен қатар іс-шаралардың форматтары өзгеріп, санитарлық талаптар енгізілді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда онлайн форматққа өткенннен кейін ақпаратты беру тәсілі де өзгерген. Осы орайда жаңа медианың жаңа талаптарын қарастыру және алға жетелеу бойынша бүгін міне осындай кездесу ұйымдастырылды- деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібек.

    Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Самат Сүлей баспасөз хатшыларының жұмысын үйлестіру және жолға қоюда атқарып отырған жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

    Семинарға арнайы ІТ аналитик, диджитал маркетолог, «Timur Academy» оқыту орталығының негізін қалаушы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Тимур Бектұр қатысып, қатысушыларға тартымды пост жазу, ақпаратты дұрыс беру, SMM құралдарын пайдалану жолдарымен бөлісті. Контент жоспардың тиімділігі, түрлері, аудиторияға бағытталу бойынша әңгіме өрбітті.

    Бұдан бөлек, өңірдің ақпараттық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген республикалық “Время” газетінің тілшісі, облыстық “Знамя труда” газетінің ақпарат бөлімі меңгерушісі Айжан Ауелбекова баспасөз қызметкерлерімен ақпаратты іздеу, табу және оны таратудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

    Мемлекеттік органдардың халықпен етене жақын болуы мен кері байланысты орнатуды көздейтін семинар барысында мемлекеттік мекемелердің баспасөз хатшылары арасында өзара қарым-қатынастың көкейкесті мәселелері талқыланды. Қатысушалар өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алып, өзара тәжірибе алмасты.
    Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

    Похожие записи

    Сыр өңірінде коронавирустық инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    ТАРАЗДА «BEST ВИДЕО» ТУҒАН ӨЛКЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Шымкент: «Covid-19 Шымкент» сайты ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.