20 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Астанада жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

    Нұр-Сұлтанда жастарға арналған «Elorda Jastary» арнайы тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Құжаттар 21 қазанға дейін қабылданады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Жеңілдетілген несие беру бағдарламасын елорда әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп, медицина, педагогика саласының қызметкерлері, мәдениет, әлеуметтік сала, коммуналдық кәсіпорындар мен елорда мекемелерінің, полиция және ТЖ департаменттерінің қызметкерлері, жаттықтырушылар мен спортшылар-оқытушылар, журналистер және т.б. 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) жастарға арналған.

    «Аталған тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға әкімдіктің 2021-2023 жылдарға арналған «Elorda Jastary» бағдарламасы көмектеседі. «Elorda Jastary» бағдарламасы жастарға, соның ішінде тұрғын үй желісі бойынша толық қолдау көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар, бағдарламасында білім беру, жұмыспен қамту, бос уақытты өткізу және т. б. бағыттар бар.

    Бұл тұрғын үй бағдарламасының міндетті шарты – Отбасы банкінің салымшысы болу (1.8 млн.теңгеден кем емес депозиті болу керек)», – делінген әкімдік хабарламасында.

    «Elorda Jastary» бағдарламасының шарттары келесідей:

    • Қарыз сомасы 18 млн теңгеге дейін;
    • Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% ;
    • Бастапқы жарна 10%;
    • Несиелеу мерзімі 25 жылға дейін;

    – «ҚТК» АҚ кепілдігі болған жағдайда, бастапқы/қайталама нарықтардағы пайдалануға берілген тұрғын үй не үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үй.

    Жоғарыда аталған шарттармен қатар бағдарламаға қатысуға үміткер мен оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде меншігінде сатып алу құқығымен тұрғын үйі немесе жалға берілетін тұрғын үйі болмауы тиіс. Сондай-ақ, өтініш берушіге кемінде соңғы 1 жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тіркеуі және өзінің отбасы мүшелерін Нұр-Сұлтан қаласында тіркеуі міндетті.

    Өтінімдерді қабылдау тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Қажет құжаттар тізімі:

    1. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бала туу, неке қию, некені бұзу және т.б.);
    2. Өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
    3. Ұйымның/мекеменің фирмалық бланкісінде анықтама берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы мен лауазымдық жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан берілген анықтама. Ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс;
    4. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар (қызметтік тізім, еңбек кітабы немесе т.б.);
    5. Еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді-көшірме ерлі-зайыптылардың екеуіне де (жұбайы (зайыбы);
    6. Егер болса: өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне (жұбайы, балалары) мүгедектігі туралы анықтама;
    7. Депозитте жинақталған соманы көрсете отырып, «Отбасы банк» АҚ-да депозиттік шоттың болуы туралы анықтама (ерлі-зайыптылардың екеуіне де, жинақталған сома 1.8 млн теңгеден кем болмауы тиіс);
    8. Жұмыс істейтін ерлі-зайыптылардың екеуінде де соңғы 6 айдағы табысы туралы жұмыс орнынан анықтама болуы тиіс;
    9. Жоғары немесе орта арнаулы білімі туралы құжат.

    Қатысушыларды іріктеу балдарды есептеу арқылы жүргізіледі.

    Бағдарлама туралы толық ақпаратты zhilfond.kz сайтынан алуға болады, сондай-ақ,  мына телефон нөмірлері бойынша қоңырау шалу арқылы: 109, 300, +7 (7172) 55-66-33,+7-700-725-17-32.

    қатысты посттар

    Намазхан әкесі үшін шағымданған балаға әкім жауап берді

    Қызылордада туризмді дамытуға арналған жаңа жобалар іске қосылады

    Фариза

    100 жасқа толған журналист әжейді Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.