9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Заң

    Қазақстанда өлім жазасы қылмыстың қай түрлеріне қолданылуы мүмкін

    Қазақстанда қылмыстың аса ауыр төрт түріне өлім жазасы қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев мәлім етті, деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Шындалиев атап өткендей, өлім жазасы туралы норманы ҚР ҚК-нің 13 бабынан алып тастау ұсынылды.

    «Бұл жазаны ҚК-нің төрт бабында ғана қалдыру ұсынылады, атап айтқанда, соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар ретінде өлім жазасын қолдану шектері бекітіледі. Оларға қолданыстағы Қылмыстық кодекс бойынша бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы аса ауыр қылмыстар жатады. Бұл қылмыстар соғыс әрекеттерімен байланысты болып, соғыс кезінде жасалуы қажет. Ауыр қылмысқа басқыншылық соғысты жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрін бұзу және соғыс уақытында жасалған геноцид жатады», – деді Шындалиев.

    Оның айтуынша, бұл зардаптардың ауырлығын ескере отырып таңдалады және соғыс уақытында көптеген адамды өлтіргені үшін жауапкершілікті көздейді.

    Шындалиев заң жобасын қабылдау елдің әлемдік аренадағы беделін нығайтады деп санайды.

    «Халықаралық қоғамдастық адам құқықтарын қамтамасыз етудегі ізгілікті қадам және прогресс ретінде қабылданатын болады. Жоғары конституциялық құндылық – өмір сүру құқығына кепілдікті күшейту болып саналады», – деп түйіндеді ол.

    қатысты посттар

    Мәжілісте бала құқығын қорғау туралы заң жобасы қаралады

    Фариза

    Парламент жерді шетелдіктерге сатуға қатысты заң жобасын қабылдады

    Фариза

    Отбасында зорлық көрсететін азаматтарды жәбірленушіге жақындатпау мерзімі 30 тәулікке дейін ұзарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.