19 C
Алматы
Сәрсенбі, 20 Қазан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сарапшылар жұмыртқа бағасы 700теңгеге дейін өсуі мүмкін екендігін айтты

    Қазақстандық құс өсірушілерге мемлекеттен берілетін субсидия толығымен тоқтатылады. Соның салдарынан жұмыртқа қымбаттайды. 2022 жылдың басында он жұмыртқаның бағасы 700 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін сарапшылар жоққа шығармады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі kazakh-zerno.net порталына сілтеме жасап.

    Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда он құс фабрикасының жабылуы бағаның өсуіне ықпал етеді. Жабылу бизнестің рентабельділігінің төмендеуіне байланысты: құс еті қымбат, отын қымбат. Егер субсидия болмаса жұмыртқаның бағасы айтарлықтай көтеріледі.

    Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында құс өсірушілер мемлекеттік қолдаудың жоқтығына шағымданады. Олардың жұмыртқа бағасын екі есе көтеруден басқа амалы жоқ.

    Солтүстік Қазақстанда отыз бес құс фабрикасы бар. Құс өсіру мен өндіріс шығындары артып келеді. Осыған байланысты көптеген адамдар осы салада жұмыс істеуден бас тартады.

    2021 жылы азық екі есе, ал дизель отыны бір жарым есе қымбаттады. Егер келесі жылы Мемлекет құс өсірушілерді субсидиялаудан бас тартса, онда жұмыртқа екі есе қымбаттайды. Егер субсидиямен бір жұмыртқа 35 теңгеден басталатын болса,  субсиядиясыз 50 теңгеден басталатын болады.

    Осыған дейін отандық құс фабрикаларына әр жұмыртқаға үш теңгеден субсидия бөлінді. 2021 жылы олардың мөлшері екі есе азайды. 2022 жылдан бастап олар мүлдем алынып тасталуы мүмкін.

    Похожие записи

    Алматыдағы жағдай күрт нашарлады – Бекшин

    Фариза

    Қызылорда облысындағы мәдениет ұйымдарының үйірмелері жан-жақты жұмыс жасауда

    Фариза

    Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал жақсарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.