20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Прокурордың балалары қызметтік көлікпен қатынай ма? Қарағандыда суретке байланысты тексеріс басталды

    Қарағандылықтар прокурордың балаларын апта сайын спорт кешеніне апаратын прокуратураның қызметтік көлігінің суретін түсіріп алды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Фото Facebook желісінде жарияланды. Автор қызметтік көлік прокурордың балаларын күн сайын Қарағанды ​​қаласының оңтүстік-шығысындағы Гүлдер шағынауданында орналасқан спорт кешеніне апаратынын, көліктің қызметтен тыс басқа мақсаттарға пайдаланылатынын айтады.

    “Ал жүргізуші балаларды бір жарым сағат күтеді. Осы іс бойынша тиісті шара қолданыңыздар”, – деп жазады видео авторы.

    Қарағанды ​​облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл суретке қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның айтуынша, қазір тексеру жүргізіліп, фото мен видео қандай жағдайда түсірілгені анықталып жатыр.

    қатысты посттар

    Қызылордада жыл басынан бері 300-ден аса азамат құқықтық кеңес алды

    Фариза

    “Мас депутат” “Ақ жол” партиясы Қазыбек Иса түсірілген видеоны растамады

    Фариза

    Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Қытай өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.