11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Тәкаппарлық танытты” – куәгер Алматыда соққыға жығылған сот орындаушысы туралы

    Алматыда жеке сот орындаушысы соққыға жығылған оқиғаның куәгері бұл жағдайға қатысты өз нұсқасын айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Пәтер жалдаушы Раиса Әзизованың айтуынша, сот орындаушысы Әділ Ермековтің өзі арандатқан. Ол өзін тым тәкаппар ұстағанын айтады.  

    “Сот орындаушысы қорқытты. Мен сол жерде тұрдым, ол “Мұның бәрін құлат, болды, енді ашулымын” деді. Өз құлағыммен естідім”, – деді Әзизова.

    “Үйдің қазіргі қожайыны Мақсұт шықты да, “Міне, мен жаңа қожайынмын. Борышкер қайда? Кімнің тегі көрсетілген? Нақты фамилия бар. Менің фамилиям жазылған ба? Жоқ? Демек, қайтадан сотқа беріңіз” деп жайлап айтты. Сот орындаушысы Ысқақов Мақсұтты теуіп, былапыт сөздер айтты. Екі полицей болды, бірақ ештеңе істемеді”, – деп қосты куәгер.

    Ермеков өзіне тағылған айыптың бәрін жоққа шығарды. Сот орындаушысы соққы жасаған ер адам үстінен арыз жазған.

    “Соққы қатты болды. Ауруханаға бардық. Сынды деп ойладым. Бәрі жақсы. Жағдайым жақсы. Қабырғам ауырады. Оң жағыммен ұйықтай алмаймын”, – деді сот орындаушысы.

    Тиісті сараптамалар тағайындалды, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Қалалық полиция департаменті тергеуді бақылауға алуға уәде берді.

    Еске салайық, оқиға 4-қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Кейін жәбірленуші видеохабарлама жариялап, соққы жасаған ер адамды қамататынын айтқан болатын.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Мақтарал ауданында төтенше жағдай жарияланды: Карантиннен үйге қамалған халық енді топ-тобымен мектептерде түнеуге мәжбүр

    Фариза

    “2 адам зардап шекті” Маңғыстау облысында ірі жарылыс орын алды

    Фариза

    Жантүршігерлік апат салдарынан екі жүргізуші де ажал құшты (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.