19 C
Алматы
Сәрсенбі, 20 Қазан 2021
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Халыққа көмір неге жетпей жатыр?

    Еліміздің кейбір аймақтарында алғашқы қар түсіп, қара суық қысса да тұрғындар әлі күнге дейін көмір таба алмай жатыр. Мәселен, жылу маусымы басталған Солтүстікке небәрі үш вагон қара отын жеткізілген. Үш ақ вагон. Оның өзін алу үшін халық таңғы бестен кезекке тұрып, таласып жүр. Тіпті, ел арасында сұранысқа ие Шұбаркөлдің көмірі соңғы рет қашан келгенін де білмейміз дейді. Ал кейбір қатты отын сататын орындар апталап бос тұр. Тұрғындар екі күн бұрын кезек алып, көмірді ұзақ күтіп отырғандарын айтады.


    Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейді


    Еліміздің солтүстігінде көмір сататын орындарда қатты отын тапшы болғандықтан осындай ұзын-сонар кезек пайда болған. Тұрғындар онсыз да аз көлемде әкелінетін көмірді алуға таңғы бестен жиналған. Бірақ соған қарамастан қатты отын бәріне бірдей жетпей, жүк көлігінің көбі бүгін де бос қайтты. Өйткені жұрт үш вагон көмірді бар -жоғы төрт-бес сағатта жапа-тармағай бөліп алған. Ал тұрғындар бір айдан бері облысқа көмір жөнді жеткізілмейді дейді.

    өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін

    Ағымдағы жылдың 9 айында көмірді жалпы тиеу өткен жылмен салыстырғанда 4% өсіп, 76,6 млн.тоннаны құрады. Қазақстандық тұтынушылар үшін 53,5 млн.тоннасы тасымалданса, бұл 2020 жылдың 9 айы деңгейінен 2% жоғары. Оның ішінде Қазақстанның негізгі ЖЭО – сына 47,4 млн. тонна, ал тұрғындар үшін 6,1 млн. тонна қатты отын тиелді.

    «Бірінші кезекте, темір жол ЖЭО мен тұрғындар қажеттіліктерін толық көлемде жабады. Біздің жоспарымыздан сәл артта қалу себебі, Қазақстанның оңтүстік өңірлері көмірді жеткізуге енді өтінім бере бастағанына байланысты, өйткені елдің оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы байқалады. Бұл ретте Қазақстанның солтүстік өңірлері коммуналдық-тұрмыстық көмірмен толық қамтамасыз етілген», – деді Көбесов.

    Ағымдағы жылдың қыркүйек айында темір жол көлігімен 8,8 млн.тонна тас көмір тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,7% жоғары. Оның ішінде ТМД елдеріне экспортқа 2,7 млн. тонна қатты отын тиелді. Ел ішінде 6,1 млн. тонна тасымалданды. Өткен жылға қарағанда өсім 5,4% құрады. Оның ішінде жылу электр орталықтарына 5 млн.тоннасы жеткізілді, бұл 2020 жылдың қыркүйегіне қарағанда 8,5% жоғары. Ағымдағы жылдың 5 қазанындағы жағдай бойынша елімізде жұмыс істеп тұрған 28 ЖЭО-да көмірдің нормативтік қоры қамтамасыз етілген.

    «ЖЭО-ларға көмір тиеу жұмыстары тәулік сайын бақылауда, айналма маршруттар ұйымдастырылды. Жүк вагондарымен қамтамасыз ету тиісті деңгейде жүргізілуде», – деді Қ.Көбесов.

    Қазақстан аумағында 64 мыңнан астам ашық вагон бар, олардың 55% қатты отынды тасымалдауға тартылған. Оның ішінде 21 мыңнан астам ашық вагон «ҚТЖ» ҰК» АҚ «еншілесі» – «Қазтеміртранс» АҚ-ға тиесілі, олардың 66% көмір тасымалдауға тартылған. Көмір тасымалдау тарифінің өсуі болған жоқ және жыл соңына дейін жоспарланбаған. Бұл ретте, көмір тасымалдау тарифі қара металдарды тасымалдау ставкасынан бес есе, орман жүктерінен 2,5 есе төмен.

    Ресей Қазақстанның көмірін неге қабылдамады?

    ТМД елдеріне 2,7 миллион тонна көмір жеткізілді. Қыркүйек айында экспорттық көрсеткіштің көлемі 90,5% болды. Экспорт жоспарланған көрсеткіштен 286,6 мың тоннаға аз орындалды. Дегенмен биылғы экспорттық көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда жоғары, — дейді Қанат Көбесов.

    Экспорт жоспарының орындалмауына ресейлік порттардың шамадан тыс толып кетуіне байланысты қазақстандық көмірді қабылдамауы себеп.

    Биылғы жылыту маусымына халықтың қажеттілігі шамамен 430 мың тонна көмірді құрайды. Көмір жеткізетін компаниялардың барлығының қоймасы қаңырап бос тұр деу бекер. Солтүстік өңірдегілер негізінен Қаражыра, Шұбаркөл көмірін жағады.Соған қарамастан саудагерлер тұтынушыға қажет тауарды жеткізбей, көмірдің басқа сортын әкелген. Енді ол тауары өтпей, текке үйіліп жатыр. Шағын үйдің өзіне бір маусымға төрт-бес тонна көмір керек. Үкімет неге қыстың қамын жазда ойламаған? Таңдаған көмірін іздеп сандалып жүргенде шенеуніктер алдағы жылу маусымына әзірміз деп есеп беріп те қойған. Біздің шенеуніктер өтірік есеп беруді қашан қояды екен? Сақылдаған сары аязында көмірсіз өмір жоқ екенін түсінсе – нұр үстіне нұр болар еді!

    Фото: ашық дереккөзден

    Похожие записи

    Қазақстанда экономистер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда

    Фариза

    Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетілмек

    Фариза

    Тауықтан да табыс бар

    Пікір қалдыру

    five × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.